Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
Шоң әкесін Есілжағасындағы ағаштан салған сырт аумағы

      еңселі үйге ертіп апарды. Шоң бұрын татарлардан дуан басы қалада екі әйелмен тұрады деген сөзді естіген еді. Жұрттың бәрінің аяғы баспайтын үйге кіріп отырған Шоң мен әкесі.

      Бұлар келгенде сұлтанның отбасылары кешкі тамақтарын енді ғана алдарына алып отырған екен. Қоңырқұлжа көп жылғы есік танысындай Телқозы мен Шоңды қарсы алды. Телқозыбаласынан жасырған жоқ, осында келер алдында, сенің жұмысқа тұрған көрімдігіңе сұлтанға бір үйір жылқы беретін болғанынын айтқан. Сұлтанның әкесіне ықылас көрсетіп отырғаны соның әсері екенін білді. Әуелінде әкесінің бұл сөзіне сеніңкіремей де қалған. Өйткені, әкесінің керемет сараң екенін білетін. Бір үйір жылқыны бердім сөзінеғ сеніңкіремей ойланып қалған. Бірақ пайдасы қайтатын жерден әкесінің де аянбайтынын және білетін. Пайдасы ол өзін жұмысқа алуы екенін Шоң сезіп отыр. Олар үйге кіргенде бұларды Қоңырқұлжаның жақсы қарсы алуының сыры осында жатқаныны әкесі де, өзі де жақсы түсінген. Қоңырқұлжада некелі, некесіз әйелдер көп болатын. Солардың ішінде мына сән-салтанаттты үйде төре қызы Қаниса мен Шыңғыстың қарындасы Аққағаз тұратын. Бұл екі әйел апалы-сіңілілердей тату еді. Қоңырқұлжаның Аққағазды алуында үлкен сыр бар еді. Жас қызәуелінде қартаң тартқан сұлтанға тигісі келмеген еді, бірақ ағасынан асып кете алмаған. Тиген. Содан бұл қыз Қоңырқұлжамен Уалихан балаларын жақныдастыруға себепкер болды. Шоң оқуға түскелі хандар мен сұлтандар өмірін зерттей бастаған. Олар бір-біріне жақындау үшін қыз беріп, қыз алатынын білетін. Аққағазды да сұлтан сондай жағдаймен алып отырғанын түсінді. Аққағаз бұл үйдің табалдырығын он үшке келмей жатып аттаған. Бұл кезде сұлтан елуге келіп қалған еді. Аққағазәйел есебінде Қоңырқұлжаға онша ұнамаса да, бірақ сұлтанның көңілдері жақындасуына себепкер болған. Аққағазон бестен аса бала тапты да, оның атын Қоңырқұлжа туысқандық белгісіндей, көңіл жақындығы үшін Шыңғыс қойған. Екі әйелді жақындату үшін сұлтан оны бәйбішесіҚанисаның қойнына салдырған еді. Бала тапқан Аққағаз осы үйдің еркесінде болып жүре берген. Сұлтан қасына жатқысы келсе жатып, жатқысы келмесе жатпайтын. Бірақ үйіне келген төрелермен қанша ойнаса да өз ерікнде еді. Сұлтанға сездірмей өзі ұнатқан төрелерінің қасына ретін тауып түндебара беретін.

      Сұлтан бәйбішесін жас Аққағаздан әлдеқайда жақсы көретінін Шоң кейін сезді. Төре қызы онымен қатар көрікті де, ақылды еді, сонымен сұлтанды билеп алғанынын Шоң кейіл білді.

      Қоңырқұлжаның ұлы әкесі Сәмеке хан бір кезде Әбілхайыр ханмен бірігіп орыстарға проктер болып кіруге келіскен еді. Қазақтың атақты билері Қазбек, Төле, Әйтеке билер онысын ұнатпаған. Кейін билікті төре тұқымынан шыққан, Төле бидің есігінде жүрген Абылайға бергенде Сәмеке ханның баласы сұлтан Құдайменде орыстар жағына біржола шығып кеткен. Олардың жолын Қоңырқұлжа да жалғады. Орыс шенеуніктері сұлтанның онысын жақсы көретін. Сыйлайтын. Патша адамдарының хан тұқымынан өздеріне тартқаны осы Сәмеке хан ұрпағы еді. Абылай балаларымен


Скачать книгу