Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
қарайтын болыстың жері Нұра бойында жатыр. Бұл жақта өткізуім дұрыс болмас.

      – Сонда біз кімге қараймыз?

      – Менің болысыма қарайсыздар. Бірақ шалғайлау жатырсыздар ғой. Нұра бойының сөзқұмар қазақтары соны да әңгіме етеді.

      – Етсе ете берсін, сенің болыстығыңа шығынды мен шығарамын. Ана Жабағылар шығарады деймісің. Жиынды осында өткіз.

      Әкесінің бұл сөзі жөн екенін білген. Сайлау болған соң біраз шығын болады. Оны көтеріп алатын осында отырған туыстары. Герасимовпен ақылдасты, ол да әкесінің айтқанын қолдады. Ақыры, Шоң келіскен. Нұра бойында отырған Құлымбет, Тілендер, Жабағы, Солтан, Аққошқарларды, тағы басқа бірнеше рулардың билерін шақырды. Бұл Нұра бойында тұратын билердің көптен бері болмаған үлкен жиыны болды. Телқозы да аянып қалған жоқ. Елуден астам киіз үй тігіп билерді қарсы алды. Оларды неге шақырып жатқанын әуелінде айтпаған еді. Билер ояздың өкілі шақырып жатыр деген соң бір кісідей болып келген. Болыстар, билер жайғасқан соң Герасимов отырып сөз бастады.

      – Губернатордың бұйрығы бойынша болыстар іріленіп жатыр. Осы Нұра бойындағы болыстардың бәрі бұдан былай «Сарыарқа» атанып, соған кіреді.

      Бұл сөз әр-әр болысқа өздерінің тәуірлерін сайлап үйренген билердің көңілдерінен шықпады. Алайда, олар ояз өкіліне қарсы не айтарларын білмей отырып қалды.

      Бекәлі кеткелі пәлен жылдан бері болыс болып әбден үйреніп алған, Айтқожа-Қарпық болысын билейтін Қабайдың есі шығып кеткендей болды. Ол Ыбырайға пара берудің арқасында Бекәлі кеткелі болыстан шықпай келе жатқан. Көп жыл болыс болғандықтан ел арасында беделі бар еді. Даусы өктем, қаттырақ шықты.

      – Сендер немене, болыс сайлауды ойынға айналдырып алғансыңдар ма?

      Герасимов та оған тісін басып жүр еді, өзін адамға санамайтынын Герасимов білетін, ол тұрып айтты:

      – Қабай, әлі тойған жоқсың ба, сенің дем алатын уақытың болды ғой.

      – Менің жұмысыма кояр қандай кінәң бар, салық жинау жоспарын артығымен орындаймын…

      Ол кезде жоғары жақ салық жинауға айрықша көніл бөлетін. Сондықтан әлгі сөзді Қабай әдейі айтып тұрған.

      – Саған кояр ешқандай кінәміз жоқ. Мен саған болыстар іріленіп жатқанын айтып отырмын ғой.

      – Ендеше сол болысты мен басқарамын.

      – Ояз оған тұратын адамды белгілеп қойған. Ол мына алдарыңда отырған Шоң Телқозин.

      Бір сәт үндемей отырып қалған болыстар біріне-бірі қарап алды да, жарыса сөйлеп кетті: «Бұл жақта ел басқаратын адам жоқ па, ояз өз адамын неге жібереді?» – деген сөздер жан-жақтан жауып кетті.

      – Шоң Телқозин сендерге бөтен адам емес, осы Тоқаның баласы. Сендерден артық бір қасиеті бар. Ол орысша біледі. Жоғарыдан келген бастықтармен сөйлесе алады. Сауатты. Ақыл жағынан да көбіңнен алда тұр.

      Мына «ақылы да сендердің көбіңнен алда тұр» деген сөз намысына тиді ме, біреу отырып айтқан:

      – Біз өз көңілімізден шыққан адамды сайлаймыз. Қанша орысша біледі деп тықпалағанымен, мұндай адамның бізге керегі жоқ.

      – Мен


Скачать книгу