Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.көптеген партия мүшелері оның құрамынан шығып кетті.
1917 жылғы сәуір айында орталық ағым толығымен партия құрамынан шығып, өзінің жеке тәуелсіз социал-демократтар партиясын құрады (ТСДП). Партия басында орталық ағымның басшылары – К. Каутский, Г. Гаазе, Дитман тұрды. Олар тек сөз жүзінде ғана марксистік бағытты ұстанып, іс жүзінде бұрынғы оппортунистік саясатын жалғастырды. Шын мәніне келгенде ТСДП-нің құрылуы коммунистік партиялардың құрылмауына бағытталған болатын. Солшыл социал-демократтар (К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг,т.б.), 1916 жылы «Интернационал» тобына бірігіп (кейін «Спартак» атанды), ТСДП қатарында қала берді. Революцияны, интернационалдық ағымды дамытуға көп үлес қосса да, «спартактықтар» әлі де идеясын, жеке коммунистік партия құру ілімін дұрыс түсінбеді. Бірақ бұл ілім олардың ақыл мен жүрегін барған сайын жаулады.1917 жылы Берлин жұмысшылары салтанатты шерулер өткізіп, өздерінің Кеңестік Ресейге қолдау беретінін және бейбітшілікті талап ететіндерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда «спартактықтар» және басқа солшыл социалистер бастап, 1 млн жұмысшылары қатысқан, Кеңестік Ресеймен бейбіт келісімге келу және кайзерлік үкіметті жоюды талап еткен күшті саяси ереуіл өткізілді. Олар, яғни жұмысшылар саяси тұтқындарға рақымшылдық жариялауын, мемлекеттік биліктің демократизациялануын, тұрмыстық жағдайдың түзетілуін талап етті. 1918 жылы әскер қатарларында ірі соғысқа қарсы қозғалыстар күшейіп, әскерлер өздерінің Кеңестерін құра бастады.
Соғыстағы жеңілістер де билеуші топтардың үкіметтік деңгейде қайта құрулар жасауға мәжбүр етті. 1918 жылғы 5 қазанда принц Макс Баденский басқарған үкімет құрылды. Оның құрамына социал-демократтар Шейдеман мен Бауэр мүше болып кірді. Қамаудан Карл Либкнехт және басқа саяси тұтқындалғандар да шығарылды. Үкімет бірнеше мәнсіз реформалар жүргізудің негізінде революциялық төңкерістің алдын алуға талпынып, соғыстан тиімді келісімшарттар жасау арқылы шығуды ойлады. Бірақ Антанта мемлекеттері Германияның толық тізе бүгуін талап етті. Сол себепті енді осындай саяси жағдайда кайзерлік саяси тәртіпті толық сақтап қалу мүмкін емес еді.
1918 жылдың күзінде герман тобының соғыстағы жеңілісі айқын болып, елде революциялық жағдай үдей түсті. Осы кезде солшыл социал-демократтар билік етуші үкіметті құлатуға шақырып, ұйымдасқан түрде орталық ағыммен байланысты үзуді шешті. 1918 жылдың 7 қазанында «Спартак» тобының бремендік солшылдары қатысқан жалпыгермандық мәслихаты өтті. Мәслихатта қабылданған халық революциясының бағдарламасында: монархияны құлату, буржуазиялық-демократиялықтан социалистік революцияға өтуге жағдай жасау сияқты талаптар көтерілді.
Осы жылдың 3 қараша күні Киль теңізшілерінің көтерілісінен Германияда буржуазиялық-демократиялық революция басталды. Көтеріліске себеп 1918 жылдың 28 қазанындағы теңізшілерге берілген бұйрық бойынша олар ағылшын флотымен соғысқа кірісуі керек еді. Осы ешмәнсіз, ақылға сыймайтын бұйрық теңізшілерді