Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Читать онлайн книгу.жасырын алуды айтады. Бұл бірінші топтағы объективті жағы мүліктің жасырын, яғни иеленушіге (иесіне) және басқа да адамдарға байқатпай алынатынын білдіреді. Жасырындылығын анықтау кезінде субъективті те, объективті де критерийлерді ескеру қажет. Мына жағдайларда мүлік жасырын алынған болып саналады: біріншіден, жәбірленуші немесе өзге адамдар жоқ болған кезде және кінәлі осы жағдайды білген болса; екіншіден, аталған тұлғалар бар болғанымен, мүлік оларға байқатпай алынған болса; үшіншіден, мүлік айыптының әрекеттерінің құқыққа қайшы екендігін білетін жоғарыда аталған адамдардың көзінше алынса және айыпты әрекетті байқатпай жасап отырмын деп қателессе; төртіншіден, мүлік айыптыға қарсыласуға, оны әшкерелеуге ынтасы жоқ басқа адамдардың көзінше алынып, айыпты осыны түсініп отырған болса.
Ұрлық мүлікті иеленген оны билік ету мүмкіндігін алған сәттен бастап аяқталған қылмыс болып саналады.
Ұрлықтың субъектісі жасы 14-ке толған есі дұрыс тұлғаның меншігіне мүлікті алуы.
Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. ҚК 176 бабында мазмұны ұқсас екі форма үшін жауапкершілік белгіленген: иелену және ысырап ету.
Жоғарғы Сот Пленумы өзінің 2001 ж. 21 желтоқсанындағы Қаулысында көрсеткендей, иелену бұл айыптының өзіне сеніп тапсырылған мүлікті өз пайдасына немесе жақын адамдарының пайдасына айналдыруы. Бұл мүліктің айыптының құқыққа қайшы келмейтін иелігінде болып отырғанын білдіреді. Айыпты осы жағдайда пайдаланып оны қалған сеніп тапсырылған мүліктен бөліп алып ұстап қалады.
Жоғарғы Сот Пленумы жоғарыда аталған Қаулысында көрсеткендей, ысырап ету бұл айыптының өзіне сеніп тапсырылған мүлкін бөліп алуы немесе айыптының, я болмаса оның жақын адамының оны пайдалануы болып табылады.
Қарастырылып отырған формалар өзара тығыз байланысты. Көбінесе иелену ысырап етуден бұрын орын алатын кезең болып табылады. Алайда бұл иеленудің өз мағынасы жоқ деген сөз емес. Екі жағдайда да мүлікті айыпты алып, өз пайдасына немесе жақын адамдарының пайдасына айналдырады. Екі форманың да нышандар құрамы материалдық болып келеді. Олар сеніп тапсырылған мүліктің бір бөлігін оқшаулау немесе барлығын алу және иеленушіге (иеленушіге) нақты зиян келтіру сәтінен бастап аяқталған болып саналады.
ҚК-тің 177 бабының 1 бөлігіне сәйкес, алаяқтық алдау немесе сенімін теріс пайдалану арқылы мүлікті иелену немесе мүлікке құқықты сатып алу болып табылады.
Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің осы нысаны бойынша қылмыстық қастандықтың заты мүлік және мүлікке құқық болып саналады.
Объективті жағынан алаяқтық былай сипатталады: алданған иеленуші немесе мүліктің иесі қылмыс затын өз еркімен айыптыға береді.
Иеленушіні (иеленушіні) алдау әдісі ретінде алдаудың екі нысаны бар: белсенді форма, яғни айыптының берген жалған деректерінің әсерінен жәбірленуші мүлікті (мүлікке құқықты) айыптыға береді; пассивті форма, яғни айыпты белгілі-бір деректер