Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.құжаттар жинағына арқа сүйедік. Автор осы нақтылы құжаттардың негізінде бұрынғы кеңестік дәуірдегі ғылыми зерттеулерге жан-жақты сараптама жасап, олардың ақиқатпен қаншалықты үйлесетіндігіне көп көңіл бөлді.
Сондай-ақ, Алматыдағы Еуропалық құжаттама орталығындағы деректерін, Германиядағы Гете институтының Алматыдағы бөлімшесінің арнайы кітапханасындағы құжаттары мен герман-француз қатынасына қатысты неміс тіліндегі шетелдік ғылыми-зерттеушілердің еңбектері мен мемлекеттік қайраткерлердің естеліктерін пайдалануға мүмкіндік туды. Осы құжаттардың негізінде мемлекетаралық қарым-қатынасқа сараптама жасап, мемлекеттердің бір-біріне қатысты ұстаған саяси бағыттарының астарын айқындауға талпындық. Осы пайдаланылған деректердің түп нұсқалары құжаттар жинағында, негізінен, екі тілде, неміс және француз тілдерінде қатарынан беріледі. Сондықтан да автор біргелкі бұл деректердің неміс тіліндегі нұсқаларын кеңінен пайдаланды.
Халықаралық қатынастар тарихында француз-герман мәселесіне көптеген тарихшылар өз зерттеулерін арнады. Осы ретте герман-француз қатынасына, жалпы Германия мен Францияның тарихына, сонымен бірге еуропалық интеграцияға өз еңбектерін арнағандар қатарында: Гильберт Цибура, Альфред.Гроссер, Колер Хеннинг, Ганс Петер Шварц, Курт Зоутхаймер, Плотц, Лаквер Вальтер, Глазер Херманн, К.Цапотоцкий мен Г.Хильдегард, Х.Г.Леманн, Христиан Хаке, Рекер Мария-Луиза, Альберт Вухер, Вольфганг Бенц, Вильгельм Дайзт, Хубертс Принц цу Лобенштейн, Ф.Бонт, А.Клод, А.Баринг, Ф.Сейдоукс, В.Вейденфельд, Х.Мюллер, К.Кригер, Грегор Шолген және т.б. болды.
Г.Цибура герман-француз қарым-қатынастарын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен бастап қарастырады. Оның зерттеуінің маңыздылығы – герман-француз арасындағы қарама-қайшылықтарының шығу тегіне, екі елдің бір-бірінің сыртқы саясатында алатын орнына тоқтала келіп, еуропалық интеграция кезеңіндегі герман-француз ынтымақтастығының беки түсуін, экономикалық және мәдени дамуын нақтылы фактілер арқылы көрсете білуінде. Ол өз еңбегінде “Елисей келісім шарты” екі ел арасындағы орын алған қарама-қайшылықтарға қарамастан, сол кезеңдегі екі елдің жақындасуында маңызды құжат болғандығын дәлелдейді. Француз тарихшысы А.Гроссердің еңбектерінен де 1963 жылғы француз-герман арасындағы келісім шарттың екі ел арасындағы ынтымақтастыққа бастау болғандығын ашып көрсетуге арналған. Зерттеуші жалпы осы екі ел арасындағы қатынасқа 50-жылдардың басындағы Еуропалық Көмір және Болат Бірлестігінің құрылуы түрткі болғандығына елеулі назар аударады. Ал Федеративтік Германияның алғашқы канцлері К.Аденауэрдің саяси тұлғасына германдық тарихнамада өте көп көңіл бөлінген, солардың ішінде пайдалана алған еңбектер қатарында К.Хеннингтің, Г.П.Шварцтың, К.Зоутхаймердің еңбектерін атауға болады. Федеративтік Германияның алғашқы күнінен бастап К.Аденауэрдің саяси аренада белсенділік көрсеткенін үлкен құрметтілікпен жазып, толық егемендік