Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.«Мемлекет жұдырығы» деген суреттер салды. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін қалауда Н.Хлудовтың еңбегі зор болды. Ол 1877 ж. қазақ даласына келіп өмірінің ақырына дейін осында болып, қазақ халқы өмірінен көп суреттер салды. Оның алғашқы шәкірттері: Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеев, белгілі кескіндемешісі С.Чуйков. Қазақ халқының кәсіби К. өнерінің тарихы 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. Ол дамудың қиын жолдарынан өтті. Алғашқы қазақ К. мектебінің негізін салушы Қастеев өзінің шығармаларында кең дала сұлулығын, тарихи кезеңдерді, тұлғалы адамдар портретін (Абай, Шоқан, Амангелді, т.б.) жазып көрсете білді. Қастеевтен кейін қазақ К. өнерінің тарихы бір топ дарынды суретшілер Ә.Ысмайлов, ағайынды Қожахмет пен Құлахмет Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсықбаев есімдерімен толықты. 1960 – 70 ж. қазақ К. өнерінің даңқын шығарған суретшілер М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Г.Ысмайлова, В.Антощенко-Оленев, К.Баранов, А.Ғалымбаева, Л.Леонтьев, Н.Нұрмұханбетов, С.Мәмбеев, Ү.Әжиев, С.Романов, Ж.Шәрденов, т.б. есімдері көпшілікке танылды. Олар қазақстандықтардың жеткен жетістіктерін, тіл жетпес табиғат сұлулығын паш етті. 1970 – 90 жылдары қазақ К-де жаңа леп, жаңа көзқарастағы суретшілер тобы (Е.Сидоркин, Ш.Сариев, С.Айтбаев, Б.Садыханов, К.Муллашов, А.Ақанаев, М.Аманжолов, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, З.Түсіпова, т.б.). К. өнерін жаңа биікке көтерді. Осы кезеңде бұрын жабық тақырып болып келген 20 ғ-дың 30-жылдарындағы зұлмат кезең (Төлепбаев пен Түлкиев), атом полигоны зардаптары (Ақанаев пен Аманжолов) және Арал қасіреті (Ә.Төлебиев пен А.Рубашев) ашық жазылды. Өнердің жаңа ағымдарына бой ұру (мыс., Садыханов, Түлкиев, т.б.) байқалды. Төлепбаев бұрын қазақ суретшілері жетпеген дәрежеге көтеріліп, қазақ К-сін әлемге таныта білді.
Әдеб.: Веймарн Б.В., Современное изобразительное искусство Казахстана и республик Средней Азии, М., 1963; Всеобщая история искусств, 1 – 6, М., 1956 – 66; Виппер Б.Р., Статьи об искусстве, М., 1970; Живопись Казахской ССР. (Альбом, предисл. Н.Б. Нурмухаммедова), М., 1970; Нурмухаммедов Н.Б., Искусство Казахстана, М., 1970; Любимов Л., Батыс Европа өнері, А., 1982; Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері, Альбом, А., 1990; Калугина Т. П. Художественный музей как феномен культуры. СПб.: Петрополис, 2001.
КИОТО ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ – Жапонияда 1897 жылы ашылған. Музей ғимаратын салу 1889 жылы Токио императорлық музейі (қазіргі Токио ұлттық музейі), Нара империторлық музейі (Нара ұлттық музейі) ғимараттарын салумен қатар жүрген. Музей жанында Бас көрме залы, Жаңа көрме залы жұмыс жасайды. Музей қорында 12000-нан асатын бірлік бар. Көптеген экспонаттар императорлық сарайлардан, көне ғибадатханалардан келіп түскен. Фотосуреттердің, өнер мен мәдениет құндылықтардың бай коллекциясы сақталған. 1969 жылы музей ғимараты мемлекеттің маңызды тарихи-мәдени нысаны ретінде танылған.
Әдеб.: – Киото. Ұлттық музейі.
КИТЦБЮЭЛЬ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ – Картиналар галереясы, Аспалы жолдар музейі, Тау ісі зауыты, Альпі бағы музейлер кешенін қамтитын, әрі бұл музейлерді туризм