Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
көркемсурет туындыларының коллекциясын жинақтаған. Олардың қатарында Джеймс Энсор, Рене Магрит, Поль Дельво туындыларын атауға болады.

      АНТИКВАРИАТ – тарихи мәдениеттік көркемдік құндылықтарға ие көне зат. А. – тарды шет елге алып шығу үдерісі мемлекеттік бақылауға алынған. А. заттарының құрамына тарихи дәуірлерге тән коллекциялардың барлық сферасы енеді. А. – тың құны тұтынушының немесе иесінің, сондай-ақ өнертанушы сарапшылардың бағалауына, көркемдік және мемориалды құндылықтарына, антиквариатты заттардың беделіне байланысты. А. түсінігі коллекциялардың ажырамас бөлігі ретінде 18 ғ. – да қалыптасқан. Ол әлемдік тарихи мәдениеттік және ескерткіштердің құндылықтарын маркілеумен, көркемдік нарықтың қалыптасуымен тығыз байланысты. Антикварлы зат өзінің арналған қызметін ұмытып жаңа функцияға ие болды. 19 ғ-дың екінші жартысында аукциондардың маңызды бөлігін антиквариатты жүйелеу басталды.

      Қазіргі таңда Қазақстанда антикварлық салондар негізінен Алматы қаласында шоғырланған. Мәскеуде Ресейлік Алғашқы мемлекеттік емес антикварлы ұйым «Акция ЛТ» антикварлы саудамен және антикварлы букинистикалық аукциондармен айналысты. Антикварлы нарық құрамына аукционды үйлердің біршамасы кірді. 2001 жылы «Орыс антиквариаты» компаниясы жұмысын бастаған. «Кростби» сайтында антиквариат және антиквариат нарығы жайлы мәліметтер берілген. 2002 жылы жаңа мамандырылған «Халықарлық аниквариаттар және арт дилерлер конфедерациясы» арт ұйымы құрылды. Шетел антикварлы салондарының ішінде ең танымалылары: «Chelsea Antiques Fair», «The International Fine Art Fair» – Нью Йоркта, «Toulouse Antiques Fair» – Францияда.

      Әдеб.: Реставрация памятников истории и искусства в России в XIX – XX веках. История, проблемы: учеб. пособие / [А. Б. Алешин и др.]. М.: Акад. проект; Альма Матер, 2008.; Словарь актуальных музейных терминов. М. 2009.

      АНСАМБЛЬДІК МУЗЕЙЛЕР – мәдениет және табиғат мұраларын музейлендіруге бағытталған музейлер жүйесі. А.м. бір жерге шоғырланған, немесе бір мазмұнды құрайтын музей үйлер, сарайлар, ғимараттар, ғибадатханалар жатады.

      АРХЕОЛОГИЯ ЕСКЕРТКIШТЕРI – тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгi қорымдар, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгi елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi және ежелгi адамның өмiрi мен қызметiнiң iздерi бар өзге де орындар.

       АРХЕОЛОГИЯ МУЗЕЙІ – Қазақстандағы археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мәдени мекеме. Тарих, археология және этнография ин-тының жанынан 1973 ж. ашылды. Қазіргі таңда Ғылым ордасында орналасқан, ҚРБжҒМ Ғылым комитетіне қарайды. Музейдің негізгі мақсаты – Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсету. Музейде қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдени даму деңгейі, олардың бүкіләлемдік өркендеудің қазынасына қосқан үлесі туралы


Скачать книгу