Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн книгу.ресми сапары кезінде Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімшартқа қол қойды.
29 қараша. Қазақстан мен Әзірбайжан арасында Каспий теңізінің бөлу туралы келісімшартқа қол қойылды.
17 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен Испанияға аттанды.
18-21 желтоқсан. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Екі мемлекет басшысы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті нығайту туралы мәлімдемеге қол қойды.
22 желтоқсан. Н.Ә. Назарбаев Лондонға сапар шекті. Сапар барысында ол көптеген мемлекеттік және қоғам қайраткерлерімен, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчермен кездесті.
2002 жыл
22 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Бас хатшысы Г. Рапотамен кездесуі барысында ЕурАзЭҚ қызметіне байланысты бірқатар стратегиялық мәселелер талқыланды.
11-14 ақпан. ҚР Президентінің Үндістанға ресми сапары. Елбасы Үндістан Республикасының Президенті Кочерил Раман Нараянмен, премьер-министр А.Б. Ваджпаимен кездесті. Сапар шеңберінде ҚР Президенті Дели қаласында Абай атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты.
28 ақпан. Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» ұйымының құрылуы туралы шартқа қол қойылды.
7 наурыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
7 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік Банк Президенті Дж. Вулльфенсонмен кездесуі болды.
8 сәуір. Н.Ә. Назарбаев Украина премьер-министрі А. Кинахпен кездесті.
9 сәуір. Алматыда Н.Ә. Назарбаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының директоры А. Гавахимен кездесті.
19 сәуір. Астанада Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанға ресми сапармен келген Хорватия Президенті С. Месичпен кездесуі болды.
28 сәуір. Н.Ә. Назарбаев АҚШ Қорғаныс министрі Д. Рамсфельдті қабылдады. Екі жақ халықаралық лаңкестікке қарсы күресудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
13 мамыр. Мәскеуде Н.Ә. Назарбаев пен В.В. Путиннің кездесуі болды. Қазақстан мен Ресей арасында Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу турлы келісімге қол қойылды.
22-23 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Словенияда болып, осы елдің Президенті М. Кучанмен кездесті.
24-25 мамыр. ҚР Президенті ресми сапармен Польшаға барды. Н.Ә. Назарбаев Польша Президенті А. Квасневскиймен кездесті. Сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
4 маусым. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммитінің ашылуы болды.
3 қыркүйек. ҚР Президенті Оңтүстік Африка Республикасында өткен тұрақты даму бойынша БҰҰ саммитінің жұмысына қатысты.
9 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Президенті И. Кәрімовті қабылдады.
23 қыркүйек. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Словенияның Президенті