Институционалды экономика. Ғалия Даулиева
Читать онлайн книгу.циклының басқа моделін Д. Гиббс ұсынған. Гиббс билікте қандай партия отырса, экономикалық саясат сипаты соған байланысты болады деп есептейді. Дәстүрлі түрде жалдамалы жұмысшылар қолдауына қарап бағыт ұстайтын «солшыл» партиялар, жұмыспен қамтуға бағытталған саясат жүргізеді (тіпті инфляцияның өсуі есебінен). «Оңшыл» партиялар – ірі бизнестерді қолдау мақсатында, инфляцияны болдырмауға көп көңіл бөледі (тіпті, жұмыссыздықтың өсуі есебінен). Сонымен, циклдық тербелістердің ең қарапайым моделіне сәйкес экономикада «оңшыл» және «солшыл» өкіметтердің ауысуы орын алады және сәйкес өкіметтердің жүргізілген саясаттарының зардаптары олардың өкілеттілік мерзімі біткенше сақталады.
Келісімдер экономикасының теориясы немесе жаңа француз институционализмі – неоинституционализмнің кейінгі ағымдарының бірі, ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында Францияда пайда болды. Негізгі өкілдері: Л. Тевено, Л. Болтански, О. Фаворо, Ф. Эмар-Дюверне. Бұл ағым нарықтық экономиканы зерттеудің бөлек алынған объектісі емес, қоғамның жүйесі ретінде қарастырылады. Соңғысы әртүрлі «институционалды ішкі жүйелер» мен «әлемдер» тұрғысынан талданады, олардың әрқайсысы адамдардың арасындағы байланыс әдістерімен және адамдардың іс-әрекетіне ерекше талаптарымен сипатталады.
Әрбір экономикалық субъект бір уақытта бірнеше ішкі жүйелерде қызмет атқарады. Мысалы, фирма өзінің өнімін өткізу кезінде нарықтық ішкі жүйеде, ал өндірісті ұйымдастыру кезінде индустриалды ішкі жүйеде қызмет етеді. Негізгі мәселелер әртүрлі ішкі жүйелер немесе «келісімдердің» тоғысында орын алады.
1.3. Институционалды экономикалық талдау жүйесіңдегі ойындар теориясы
Жаңа институционалды экономикалық теория формальді модельдерді құруда ойындар теориясына сүйенеді. Бұл теория алғаш рет 1944 жылы Дж. Фон Нейман және О. Моргенштерн еңбектерінде негізделген.
Бұл теорияның айрықша белгілері:
– біріншіден, ойындар теориясы индивидтердің мінез-құлқы өзара шарттастырылған жағдайларды талдайды, бір индивидтің шешімі қарым-қатынас нәтижесіне және басқа индивидтердің шешімдеріне әсер етеді;
– екіншіден, индивидтердің толық рационалдылығы қарастырылмайды, индивидтердің басқа да бірқатар модельдері қолданылады;
– үшіншіден, барлық қарым-қатынаста Парето-оптималды тепе-теңдігінің болуын, оның бірегейлігін қарастырмайды.
Ойындар теориясы арқылы институттардың формальды модельдері жасалады. Кооперативті және кооперативті емес ойындар, таза үйлестірушілік ойындар моделі қолданылады.
Кооперативті ойындарда қатысушылар арасындағы ақпарат айырбасы және коалиция құру мүмкіндіктері бар. Кооперативті емес ойындарда индивидуалды қатысушылар арасында ақпарат айырбасы және коалиция құру мүмкіндігі қарастырылмайды. Аталған ойындар стратегиялық (матрицалық) және жайылыңқы формаларда көрсетіледі. Мысалы, «тұтқындар дилеммасының» шешілу нұсқалары ойынның үнемі