Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Читать онлайн книгу.олардың әрқайсысының Тынық мұхит ауданындағы аралдық иеліктері мен аралдық жерлеріне құқығын құрметтеуге келіседі… .
Егер жоғарыда көрсетілген құқықтар бөтен бір мемлекеттің шабуылдық әрекеттерінің салдарынан қауіпке ұшыраса, Жоғары Келісуші Жақтар осы жағдайдың талаптарына байланысты әрқайсысы жеке немесе барлығы бірігіп қолдануға тиісті неғұрлым жарамды шаралар туралы келісімге жету үшін өзара толық және ашық пікір алмасуға кіріседі.
Осы трактат күшіне енген күннен бастап он жыл бойы күшінде қалады және көрсетілген мерзім біткен соң да ол күшін сақтайды, алайда сонымен қатар Жоғары Келісуші Жақтардың әрқайсысының алдын ала он екі ай бұрын ескерту арқылы оның күшін жою құқығы сақталады.
Вашингтонская конференция по ограничению вооружений и Тихоокеанским и Дальневосточным вопросам 1921-1922 г. – М., 1924. – С. 45-47.
1- бап. Келісуші мемлекеттер өздерінің теңіздегі қару-жарақтарын осы трактаттағы шарттарға сәйкес шектеуге уәделеседі.
4- бап. Ауыстыруға тиісті ірі әскери кемелердің жалпы тоннажы Америка Құрама Штаттары үшін – 525 000 тоннадан… Британ империясы үшін – 525 000 тоннадан… Франция үшін – 175 000 тоннадан… Италия үшін – 175 000 тоннадан… Жапония үшін – 315 000 тоннадан… аспайтын болады.
5- бап. Келісуші жақтардың бір де біреуі өз жерінің шегінде су ығыстырулығы 35 000 тоннадан асатын тізбектік кемелерге ие болмайды немесе жасамайды, жасауға тапсырма бермейді және рұқсат етпейді.
6- бап. Келісуші Жақтардың қандайының болса да тізбектік кемелерінің бір де біреуі калибрі 16 дюймнен (406 милиметрден) асатын қарумен жарақтандырылмайды.
12-бап. Келісуші Мемлекеттердің тізбектік кемелерін басқа төменде ескертілген бір де бір әскери кемесінің калибрі 8 дюймнен (203 милиметрден) асатын қаруы болмайды.
14-бап. Құрама Штаттар, Британ империясы және Жапония төменде аталған иеліктер мен территорияларда трактатқа қол қою сәтіндегі бекіністер мен теңіз базаларына қатысты 8іа1из дио сақталатындығына келіседі:
1. а) Алеут аралдарын қоспай, Құрама Штаттардың жағалауына, Аляскаға және Панама каналы белдеуіне жанама отарлық иеліктерден және в) Гавай аралдарынан басқа Құрама Штаттардың Тынық мұхиттағы қазіргі кезде бар және болашақта иемденетін аралдық иеліктері және Гонконг;
2. а) Канада жағалауына жанама аралдық иеліктерден, в) Австралия мен оның территориясынан және с) Жаңа Зеландиядан басқа Британ империясының Тынық мұхиттағы қазіргі кезде бар және болашақта иемденетін аралдық иеліктері және Гонконг;
3. Жапонияның Тынық мұхиттағы мынадай аралдық территориялары мен иеліктері: Куриль аралдары, Вонин, АмамиОшима аралдары, Лушу, Формоза және Пескадор аралдары, сондай-ақ Жапония болашақта иемденетін Тынық мұхиттағы аралдық территориялар мен иеліктер…
Вашингтонская конференция по ограничению вооружений и Тихоокеанским и Дальневосточным вопросам 1921-1922 г. – М., 1924. – С. 49-73.