Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Читать онлайн книгу.

Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa


Скачать книгу
бүкіл дүниежүзін қамтыған банктік және сауда жүйесі, ұсақ еуропалық елдермен (Дания, Голландия, Бельгия, Португалия, Испания, т.б.), Азия мен Латын Америкасы елдерімен бұрыннан қалыптасқан экономикалық және саяси байланыстар, халықаралық мәселелерге араласудағы ғасырлар бойы жиналған тәжірибе және дипломатиялық істегі шеберлік – осының бәрі Англияның болашақ бітім конференциясында ең басты қазылардың бірі болатындығының кепілдігі еді. Орасан зор континентальдық армиясы бар және кайзерлік Германияны талқандауда елеулі рөл атқардым деп есептейтін Францияның да еуропалық мәселелерді шешуде негізгі тұтқалардың бірі болудан дәмесі бар еді. Осындай жағдайда басталған Париж бітім конференциясының барысында дау-тартыс көп болды, ал жеңімпаз мемлекеттердің осындай өзара қайшылықтарына орай бүкіл Версаль бітім жүйесі ішкі қайшылықтарға толы, тұрақсыз сипатта болды. Сондықтан да Версаль бітім жүйесі жасалғаннан кейінгі бейбіт өмір ұзаққа созылған жоқ. Демек, студент Версаль жүйесінің ішкі қайшылықтарын айқын түсіне алса, онда дүниежүзілік соғыс аралығындағы халықаралық қатынастардың даму бағдарын дұрыс анықтауға мүмкіншілігі болады.

      Қандай деректерді пайдалану қажет? Версаль бітім жүйесін талдап-оқуда пайдаланылатын деректерді екі топқа бөлуге болады: 1. Версаль, Сен-Жермен, Трианон, Нейи, Севр бітімшарттарының мәтіндері; 2. Париж бітім конференциясына қатысқан саяси қайраткерлердің естеліктері. Екінші топқа жататын деректерден орыс тіліне аударылғандары – А. Тардьенің, Г. Никольсонның, Э. Хауздың, Альдрованди-Марескоттидің, Лл. Джордждың, Р.С. Беккердің еңбектері. Бұл еңбектерде әрбір автордың өзіндік субъективтік пікірлері берілетінін ұмытпауымыз керек. Бұл, әсіресе, Париж конференциясында «орыс мәселесін» талқылауға қатысты жағдайда айқын көрінеді. Атап айтқанда, Ллойд Джордж «орыс мәселесіне» байланысты өзінің Париж конференциясы өтіп жатқан кездегі ұстаған принциптерін жұмсақтап, көмескілеп көрсетеді.

Бітімшарттарының жобалары

      Бұл тақырыпты түсіндіру Антантаға мүше ірі елдердің әрқайсысының мақсаттарын талдаудан басталады. Бұл жерде оқулықтың бесінші параграфын, сондай-ақ төменде берілген мәліметтерді пайдалана отырып, әрбір елдің мақсаттары мен позициясы көрсетілген сызба-кесте жасауға болады.

      Францияның Париж бітім конференциясындағы мақсаты: Германияны барынша әлсірету; орасан зор мөлшерде репарациялар алу (500 млрд алтын марка); Үштік одақ елдерін отарлық иеліктерден айыру; Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу; Германияны бөлшектеу; Германияның әскери қуатын қалпына келтіруге бағытталған кез келген әрекетіне тосқауыл қоя алатын күшті әскер ұстап отыру; Францияның жетекшілігімен Шығыс Еуропа елдерінің одағын құруға тырысу.

      Ұлыбританияның мақсаты: Үштік одақ елдерін отарлық иеліктерден айыру; Германияның әскери-теңіздік қуатын жою; Франциямен тең түсе алатын күш ретінде Германияның әскериэкономикалық қуатын сақтау; мемлекеттердің


Скачать книгу