Білім беру аймағындағы конфликтология. Әлия Құдайбергенова

Читать онлайн книгу.

Білім беру аймағындағы конфликтология - Әлия Құдайбергенова


Скачать книгу
пен өзара әрекеттің «таза формаларын» талдаумен айналысуды ұсынды. Конфликт қоғамдық өмірдің маңызды формасы болып табылады, себебі ол әлеуметтік ықпалдастыққа түрткі болады, нақты әлеуметтік түзілістердің сипатын анықтайды, оларды ұйымдастыру қағидаттары мен нормаларын күшейтеді.

      Г. Зиммельдің теориялық көзқарастарын XX ғасырдың 20-жылдары Чикаго мектебінің әлеуметтанушылары да қолдады, оның көрнекті өкілдері Роберт Эзра Парк (1864 – 1944), Эрнест Уотсон Берджесс (1886 – 1996), Аббион Вудбери Смол (1854 – 1926) болды. Олар әлеуметтік үдерісті өзара әрекеттің өзара байланысты төрт тип аспектісінде қарастырады: жарыс, конфликт, бейімделу мен ассимиляция. Конфликт аталған позицияда орталық мәнге ие, себебі жарыстан бейімделу мен ассимиляцияға өтуге арналған ерекше мостикті білдіреді, осылайша, әлеуметтік өзгерістердің маңызды қайнар көзі болып табылады.

1.3. Конфликтер талдауындагы марксистік әлеуметтану мен марксистік емес дәстүр

      Марксистік әлеуметтану XIX ғасырдың өзінде қоғамдық даму үдерістері туралы үстем болатын көріністерге маңызды түзетулер енгізді.

      Марксизм қоғамдық үдерістерді танудың барлық деңгейлерінде маңызды, жалпыға ортақ және нақты-тарихи, социологиялық және саяси-әлеуметтік конфликт, қақтығыс пен антагонизмді мүмкін болатын, ал өткір таптық күресте антагонистік түзіліс аясында қоғамдық өмірдің болуы сөзсіз құбылыстары ретінде мойындайды.

      Сонымен қатар марксизм өз уақытының орныққан пікірінің шегінен шыға алмады. XIX ғасыр дәуірінің көптеген нанымдары «аталған жүйелі революциялық теорияда» белгісіз болып қалды. Осындай нанымдардың бірі қоғамның өмірінен болашақта әлеуметтік конфликтерді шығарып тастау мүмкіндігіне сенім болды.

      XIX ғасырдағы марксизм революциялық әрекетке әрдайым ерекше ықылас білдірді, қандай да бір деңгейде сол кездегі дәуір тарапынан ақталған. Маркстің революциялық шабыты буржуазияның үдемелігінің жалпы құлдырауына және революцияның жанама өнімі ретіндегі реформаға қатысты көзқарасқа қате қорытынды жасауға алып келді.

      XX ғасырдың бірінші жартысында марксизмнің әсерінсіз ғылыми бағыт қалыптасты, оның өкілдері (М. Вебер, В. Парето, Г Моска, Ж. Сорель, Ф. Оппенгеймер, А. Бентли) қоғамдық өмірдегі келісім мен тұрақтылықты ғана емес, сондай-ақ конфликт пен өзгерістерді зерттеу қажеттілігіне арнайы назар аударды.

      Макс Вебер (1864 – 1920) – сол уақыттағы заманауи капитализмнің зерттеушілері қатарындағы барынша ірі тұлға. Оның пікірінше, қарама-қайшылығының мәні дәстүрлі және заманауи капитализм секілді буржуазиялық қарым-қатынасты ұстанушылардың мәдениеті жағынан сәйкес келмейтін екі типі арасындағы шиеленіскен конфликтік қақтығыста деп білді. Тек соңғысы ғана прогрессивті, ол кәсіпкерлікте аса қажетті және «мұңсыз өмір және өмірден рахат алумен сәйкес келмейтін» еңбек қарқындылығының шексіз өсуін болжады. Неміс зерттеушісі социализмде капитализм қарама-қайшылығының шешімін емес, керісінше, мәселенің асқындауын көрді.

      Вильфредо


Скачать книгу