Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев

Читать онлайн книгу.

Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев


Скачать книгу
альдегидін қосқанда аурат металдық алтынға дейін тотықсызданады. Алтын кірнесі мицелласының құрылысының формуласын былай жазуға болады:

{[mAu]nAuO-2(n-x)k+]-xxk+

      Тәжірибеден алынған алтын кірнесі теріс зарядталған.

      Б-тәжірибесінің орындалуы: Конус тәрізді құтыға 100 мл айдалған су құямыз да, үстіне 10 мл 0,1 н AgNO3 ертіндісін және тотықсыздандырғыш ретінде бірнеше тамшы 1 %-дық таннин ерітіндісін қосамыз. Ерітіндіні қайнағанша қыздырып, қызғылт-сары түске боялғанша араластыра отырып тамшымен 1 %-дық K2CO3 ерітіндісін қосамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Күміс тұздарын танинмен тотықсыздандырсақ, ерітіндіде алдыңғы тәжірибедегідей теріс зарядты күмістің коллоидтық ерітіндісі түзіледі.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: Бұл тәжірибеде тотықсыздандырғыш ретінде қолданылатын таннин, күрделі органикалық зат, эмпирикалық формуласы C76H52O46. Тотығу кезінде ол флобафенге C76H52O49 айналады.

      Коллоидтық мицелланың құрылысы:

{[mAg]n(Ag(OH)-2 · (n-x)k+}– x xk+

      Ескерту: Тәжірибені ойдағыдай жүргізу үшін 1 %-дық таннин ерітіндісі жаңадан дайындалған болуы керек. Ол үшін 0,1 г таннинді 10 мл айдалған суда ақырын қыздыры отырып еріту керек. Ескеретін жағдай танниннің кейбір артық мөлшерлері ерітіндіде тұрақтырақ кірнелер алуға көмектеседі. Бұл жағдайда таннин стабилизатор рөлін атқарады. Басқа сөзбен айтқанда танниннің артық мөлшерінен салыстырмалы тұрақты, жоғары дисперстік, аз ластанатын күміс немесе алтын кірнелерін алуға болады.

      3-тәжірибе. Канифоль және күкірт гидрокірнелерін алу (ерігіштікті төмендету әдісі)

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Этил спиртіндегі 2 %-дық канифоль ерітіндісі; 2) Күкірттің спирттегі қаныққан ерітіндісі; 3) 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр; 4) 100 мл-лік 2 жазық түпті тығыны бар құтылар; 5) Тамызғыш; 6) Шыны таяқша.

      А-тәжірибесінің орындалуы: Шыны құтыға 100 мл айдалған су қосамыз, сосын араластыра отырып, тамызғыштан 5-10 мл 2 %-дық канифольдің спирттегі ерітіндісіне қосамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Суға конифольдің спирттегі ерітіндісін қосқан кезде тұрақтылығы өте жоғары ақшыл-сүт түсті жылтырауық канифоль кірнесі түзіледі.

      Б-тәжірибесінің орындалуы: Тәжірибе жүргізерден бірнеше күн бұрын этил спиртінде күкірттің қаныққан ерітіндісін дайындаймыз. Ол үшін сұр түсті жақсылап ұнтақталған күкіртті этил спиртінде тәулік бойы ұсақтаймыз, сосын ерітіндіні тұнбадан сүзіп аламыз және тығыз тығыны бар бөлек ыдыста сақтаймыз. Тәжірибені көрсету кезінде 80 мл айдалған суға жақсылап араластыра отырып, тамшылатқыштан 20 мл күкірттің спирттегі ерітіндісін қосамыз және ерітіндінің өзгерісін бақылаймыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Алдынғы тәжірибеде байқағандай, суға күкірттің спирттегі ерітіндісін қосқан кезде ақшыл-сүт түсті жылтырауық кірне түзіледі.

      А және Б тәжірибелерінің түсіндірілуі: Канифоль мен күкірт шын ерітінді түзе отырып, салыстырмалы түрде спиртте жақсы ериді. Канифоль мен күкірт суда іс жүзінде ерімейді, сондықтан спирттегі ерітіндіге суды қосқан кезде молекулалары


Скачать книгу