Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 - Коллектив авторов


Скачать книгу
ҒА ең бір таңдаулы институты еді. Мұнда заманында В.А. Фок, Л.Д. Ландау, П.Л. Капица, Н.Н. Семенов т.б. данышпан ғалымдар жұмыс істеген. Менің келген бөлімім – ядро теориясы бөлімі болатын, оның бастығы профессор Л.А. Слив еді. Ол өзі бір жуас, адамға жаны ашитын тәуір адам. Келе сала физиктерге тән «Ландау минимумы» дегенді тапсыра бастады. Бірте-бірте Ландаудың барлық томдарын тапсырып, 1961 жылдың 1 қыркүйегінен аспирантураға түстім де, ғылыми жетекшім профессор Л.А. Слив болып тағайындалды. Менің диссертациялық жұмысымның тақырыбы «Ядродағы нуклондардың арасыдағы қалдық күштердің маңызын зерттеу» болып бекітілді. Бұл кезде 23 жастамын. Құрдастарым әлі институт бітіріп жатқан, мен болсам Ленинградта, атақты физтехте екі жыл жұмыс жасап үлгердім. Жағдайым сондай жақсы сияқты еді. Аяқ астынан тағы бір пәлеге ұшырадым. Істің мәні былай. Мен айттым ғой: Ленинградта екі жыл жұмыс істеп үлгердім деп. Осы кезде, бос уақыт көп болған соң, мен өзімнің дипломдық жұмысымды ары қарай жалғастырайын. Осы жалғастыру кезінде менің басыма екі идея келсін. Бұл екі идея менің бүкіл ғылыми өмірімнің арқауы болды. Бірінші идея – Эйнштейннің жалпы салыстырмалы теориясын (ЖСТ) Күн системасынаның космогониясына қолдану. Менің ойымша, Күн системасындағы Кеплердің үш заңы Ньютонның гравитациялық теориясымен түсіндіріледі, ал Күн системасындағы күрделі заңдылықтарды Эйнштейннің гравитациялық теориясымен, басқа сөзбен айтқанда ЖСТ-мен түсіндіру керек деген идея. Екінші идея – бұл гравимагнетизм. Белгілі ғалымдар Блэкет пен Вильсонның аспан денелерінің магнетизмі туралы айтқан гипотезаларын қарастыра отырып және осы мәселе туралы айтқан Эйнштейннің кейбір пікірлерін еске түсіре отырып маған мынандай ой келді. Эйнштейннің ЖСТ бойынша: егер гравитациялық өріс уақыт бойынша өзгеретін болса, онда құйынды гравитациялық өріс пайда болады. Менің ойымша бұл олай емес. Егер гравитациялық өріс уақыт бойынша өзгеретін болса, онда магниттік өріс пайда болу керек. Расында, біз электродинамикадан көреміз: электр өрісі уақыт бойынша өзгерсе, онда құйынды магниттік өріс пайда болады. Кванттық механикада да осындай болу керек. Меніңше, магниттік өріс ерекше қасиеті бар өріс. Электр өрісінің, ядролық өрістің, гравитациялық өрістің өзінше жекеленген зарядтары бар, ал магнит өрісінің жекешеленген магнит өрісі жоқ. Магнит өрісі басқа өрістердің уақыт бойынша өзгергенінде туатын ерекше қосымша өріс. Осы идеяға сүйене отырып, мен айдың магнит өрісі болу керек және оның шамасын 10-5 эрстед болады деген болжау айтқанмын. Менің «К единой теории магнитного поля вращающихся тел» деген мақалама академик В.Г. Феснков жолдама беріп, «Доклады АН СССР» деген журналға жіберілді. Мақала журналдың редакциясына 13.10.1962 жылы келіп түсті. Біраздан кейін космостық ракета айда магнит өрісі жоқ деген хабар әкелді де, менің мақаламды кері қайтарды. Арада бірнеше жылдар өткен соң американдық ракеталардың магнит өрісін өлшегіштері айда магнит өрісі барлығын дәлелдеді және ол біз болжағандай 10-5 эрстед екен. Сөйтсе,
Скачать книгу