Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ - Коллектив авторов


Скачать книгу
ірі жаңалықтар Атом теориясының қалыптасуына ықпал жасаған болатын. Бұдан ХХ ғасырдың басында В.И. Ленин «Атом сияқты, электрон да сарқылмайды, табиғат – шексіз» деп қорытынды шығарған еді.

      Олай болса, Бэла Ғабдолғалиқызы ядролық физикада ашылған жаңалықтарға үлес қосып қоймай, сол арқылы диалектикалық-материалистік философия материясының шексіздігі, сарқылмайтындығы, оның қаншалықты ұсақ бөлшектерге бөлінгенімен ешқашан да жойылмайтындығы, тек қана бір күйден екінші күйге үздіксіз өзгеріп, құйылып, айналып отыратындығы жайындағы түсініктерін, ғылым дамуындағы үзілместен жүріп, ілгерілей беретін сабақтастықты нақтылы тарихи кезеңде саусақпен санарлықтай жұлдызы жарқыраған шағын шоғырда одан әрі дәлелдеп, жалғастырушылардың бірі болды.

      Ядролық физика ғылымының біз әңгімелеп отырған бүгінгі көрнекті өкілі Бэла Алматы қаласында педагогтың, тәлімді тәрбиеші ұстаздың төрт баласының туа біткен тұңғышы болып, 1938 жылы 12 қарашада өмірге келген. Үй ішінде әкесі Ғабдолғалидың және анасы Райханның аялы қамқорлықтарын көріп қана қоймай, өзінен кейінгі бауырларына өзі мектепке бармай тұрып-ақ бас-көз болған Бэла жастайынан жанұядағы жанашырлық пен жауапкершілікті сезініп өсті. Оның өмір жолындағы орнықтылығы, салмақтылығы мен сабырлылығы, табандылығы мен шыдамдылығы, тындырымдылығы мен тиянақтылығы осылай басталған екен. Ал, мектепте барлық пәндерден үздік оқумен бірге физикаға ерекше құмарта қызығады, лабораториялық жұмыстарды да ұқыпты жүргізеді. Міне, оның бойындағы осындай қасиеттері мен қабілеттерінің бір-бірімен біте қайнап, ұштасуы оны әуелі Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде үздік студент атандырып, ал кейін Мәскеудегі М.В. Ломоносов атындағы университетке өзі қалаған мамандықтан аспирант болуға әкелді. Нәтижесінде, физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болып, өзінің ұшқан ұясына – қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне қайтып оралды. Мұнда 1967 жылдан бері үнемі ғылыми-зерттеу жұмысы мен ұстаздығын қатар атқарумен келеді, ассистенттіктен доценттік, профессорлық ғылыми атақтарға ие болуға дейінгі сатылап көтерілген жолдан өтті. Оның студенттерге оқыған лекциялары мен өткізген семинар сабақтары мазмұнды да тартымды болуы- мен тыңдаушыларын баурады.

      Бэла Ғабдолғалиқызының басқаруымен және тікелей араласуымен Қазақтың ұлттық университетінде бір топ ізденушілер зарядталған бөлшектердің (протондардың, а-бөлшектердің) кристалдармен өзара әрекеттерін зерттеумен шұғылданады, алуан түрлі металдар мен құймаларда олардың 100 кэВ мөлшеріне дейінгі қуаты бар протондардың түрліше дозаларымен сәулеленгенде пайда болатын жалтырауық құрылымды тәптіштеумен айналысты. Ал, бұл термоядролық реактордың бірінші қабырғасының материалын таңдап алумен байланысты еді. Сондай-ақ, әртүрлі температураларда төмен қуатты протондар және аргон иондарымен қоспаланған қайсыбір электрофизикалық әрі электрохимиялық сипаттаулардың


Скачать книгу