Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35 - Коллектив авторов


Скачать книгу
Сол судан шөлдегенде іше саламыз, шай қайнатамыз, ешуақытта ауырған емеспіз. Біздің ауылда өскеніміздің бір пайдасы сол – ешқандай күй, жағдай таңдамайтынбыз. Өйткені ауыл тұрмысы ол кезде аса мәз емес еді. Қыстың күні тамақ істейтін басқа жерде от жағылмайтын. Жататын бөлмелеріміздің еденіне қамысты немесе сабанды қалың етіп салып, үстіне киіз төсеп, қоятұғын, көрпені жамылып, соның үстіне жата салатын едік.

      Біз бірте-бірте интернаттағы босаған орындарға жайғастық. Мұғалімдер сабақты жақсы түсіндіреді. Миыңа құйып береді. Соғыс кезінде ауылдық жерлерде білімді мұғалімдер аз болды. Мұндағылар соны ескеріп, материалды жақсы түсінгенімізше келесі тақырыпқа жылжымайтын. Білімнің негізі терең қалана бастады. Біз сыныптас достарымызбен сол кезде ерекше ықыласпен білім берген ұстаздарымызды ылғи еске алып жүреміз. Олардың көпшілігі бүгінде бақилықта. Солардың ішінен химия-биология пәнінен берген Хазима Батыршина, анотомия және физиология пәнінен Ибагүл Мұсаева, физика пәнінен ұстаздық еткен Сұлтан Бұхарбаев, математикадан сабақ жүргізген Сопбек Тілеуқабылов ағайлар біздің жадымызда мәңгілікте қалып қойды. Сопбек Тілеуқабылов Ленинградтағы Герцен атындағы пединститутты, Ізбасар Бекманов ағай Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітіргендер болатын. Бір айта кететін нәрсе, Бекманов ағай Міржақып Дулатовты айтып қалатұғын. Бір күні ылғи үздік оқитын төрт-бес бала келіп қалды. Соларға ағай Сұлтанмахмұттың «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» – деген өлеңін оқып берді. Біздің жан дүниеміз шымырлап кетті. Соңында Сұлтанмахмұттың басқа өлеңдерін де оқыды. Бұл ақынды ағайымыз өте жақсы көретін. Оның өлеңдерін аса ыстық ықыласпен оқып, ынта-шынтысымен түсіндіретін. Осы кезде қалай ағайымыз қорықпады екен деп ойлаймын. Сірә, ішіне сыймай лықсып кеткен жағдайда амалсыз шығып кететін болуы керек. Біздің оқулықтан тыс тыйым салынған «інжу-маржандар» бар екенін сезіндіре білді. Осы ағайдың ықпалымен қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігім арта түсті.

      Ауыл мектебіндегі дайындығымыздың салдарынан кейде өте қарапайым нәрсені түсіне алмайтынбыз. Бұл, әсіресе, математика мен химия сабағында қатты байқалатын. Сұлтан Бұхарбаев ағай тақтаға плюс, минус белгілерін жазып әбден түсіндіреді. Қанша айтса да түсінбегенімізге шыдай алмай: «Ит жоқ жерде, шошқа үреді дегендей», жарамдылардың бәрі соғысқа кетіп, көз алдындағысын дұрыс көре алмайтындар сендейлер ғана қалды» деп ашуланып қалатын. Не керек, Сұлтан ағай жанын салып, өзін-өзі аямай жүріп, сегізінші сыныптың соңына дейін бізді физика-математикадан бірдеме түсінетін деңгейге жеткізді.

      Өте қиын сабақтың бірі химия пәні болатын. Хазима Батыршина апайымыз сабақты миымызға құятындығы сонша – ауылда «химия» дегеннің нендей пән екенін білмейтіндердің өзі бірте-бірте түсіне бастады. Сабақ үстінде қызық жағдайлар көп болатұғын. Бір күні апай хлор қышқылын әбден түсіндіріп, оның НСІ деген формуласын жазып көрсетті. Оны да ерінбей түсіндірді, енді сабақты қайталауға


Скачать книгу