Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы. Н. Торманов

Читать онлайн книгу.

Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы - Н. Торманов


Скачать книгу
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) бас миынан және жұлыннан тұрады, ол ағзаның барлық үрдістерін реттейді және адам ағзасындағы барлық жүйелердің басқару орталығы қызметін атқарады.

       Ми қабықшасы бас ми мен жұлынды қоршап тұрады. Олар дәнекерұлпалық құрылымдардан тұрады.

29

      Қабықшалардың сызбанұсқалық көрінісі

30

       Менингит – милы қабықтардың қабынуы.

       Мидың қанмен қамтылуы етілуі екі ұйқы және екі омыртқа жотасы артерияларымен қамтамасыз етіледі.

      ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

31

       Жүйкелер – ОЖЖ-нен тыс жалпы дәнекерұлпалық қабықшамен біріктірілген және жүйке импульстерін өткізетін жүйке жасушалары өсінділерінің жиынтығы.

       Сезімтал жүйкелер – сезімтал нейрондардың дендриттерінен құралған.

       Қозғалыс жүйкесі – қозғалыс нейронадарының аксондарынан құралған.

       Аралас жүйкелер – аксондар және дендриттерден құралған.

       Жүйке түйіндері – орталық жүйке жүйесінен тыс нейрон денелерінің жинақталуы.

       Жүйкелік аяқтамалар:

       Рецепторлық – мүшелердегі дендриттердің соңғы құрылымдары; тітіркендіруді қабылдайды және оны жүйке импульсіне айналдырады.

       Эффекторлық – іс-әрекет мүшелері: бұлшықеттер, бездердегі аксондардың соңғы құрылымдары.

       Жүйкелік импульс – жасуша мембраналары бойымен таралатын электрлік сигнал.

ЖҮЙКЕЛІК ЖӘНЕ ЭНДОКРИНДІК РЕТТЕЛУЛЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫ

      Жүйкелік және эндокриндік жүйелер ағза қызметтерін бірлесіп реттейді және тепетеңдікті сақтайды.

32

      Гомеостаз – ішкі орта құрамы мен құрылымының тұрақтылығы; ағзаның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін ішкі тепе-теңдік пен жүйелердің келісті қызмет ету жағдайы.

      МҮШЕЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ РЕТТЕЛУІ

      Гипоталамо-гипофизарлық жүйе

33ЖҰЛЫН

      Жұлын тартпа пішініне ұқсас, ұзындығы 45 см, диаметрі 1 см. Ортасында жұлын сұйықтығына толы канал бар.

34ЖҰЛЫННЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

      Жұлын қаңқа бұлшықеттері (бас бұлшықеттерінен басқа) мен ішкі мүшелерді жүйкелендіреді.

35ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫ

      Жұлын (церебральді немесе жұлын-ми) сұйықтығы ми қарыншаларындағы тамырлы торлар арқылы өндіріледі; құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Оның көлемі 120-150 мл құрайды.

      Жұлын сұйықтығы айналымының сызбанұсқасы

      (Э.Пирстан, 1997ж)

36

      Іс жүзінде бас ми мен жұлын екі қабат сұйықтық арасында орналасқан.

37БАС МИ

      Бас миы ми сауытындағы ми ішінде орналасады. Оның орташа салмағы 1360 г. Ми үш үлкен бөлікке бөлінеді: ми бағанасы, қыртысасты және үлкен ми сыңарларының


Скачать книгу