Гүлмінездің гүлдері. Кеңес Оразбекұлы
Читать онлайн книгу.target="_blank" rel="nofollow" href="#image0_5ee0a9f7c99b9d3b3cd9014e_jpg.jpeg"/>
«ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ»
Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғы-мақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сұлулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:
– Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын, – депті. – Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосы-ңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл – Қонаевтың арғымағы!» – деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті, – деген екен.
ЕРЕКШЕ БАЛА
Алтай Едіге атасымен қыдырыстап жүріп, ауыл орталығындағы ескерткіштің тұсына келді. Сол арадағы орындыққа жайғасқаннан кейін екеуінің де назары бірден алдарындағы ескерткішке түскен. Тастан қаланған биік тұғырда – бойында бес қаруы түгел алып батыр басын көтере ұстап, қияндағы көкжиекке тігілген күйі сесті көрінеді. Батырдың оң қолы – алдаспан қылышының сабында, ал сол қолы, жанына аңшы ит сияқты ерткен қызыл жолбарыстың желкесінде. Олар сол күйлерінде елдің тыныштығын қорғап тұр ма, әлде алыс қиырдан келе жатқан жауларын көріп, соларды күтіп алуға сайланып тұр ма, белгісіз.
– Ата, – деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі. – Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс – Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?
– Олай емес, құлыным, – деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап. – Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.
– Ата, пір дегеніміз не?
– Пір дегеніміз, балам, ерекше жағдайларда, мәселен, соғыс, не басқа түскен қиындықтарда жанынан табылып, адамды қолдап, қорғап, демеп жүретін рух иесін – пір дейді. Міне, мына Ескелді бабаң басына қиындық төнгенде, қызыл жолбарысқа сиынған.
– Сонда қызыл жолбарыс жанына келіп, оны құтқарып қалады ма?
– Жоқ, олай емес, пір дегеніміз көзге көрінбейтін рух иесі. Ол тек қолдаушысына ғана, мәселен, Ескелді батырға қызыл жолбарыс болып елестеп көрінеді. Батыр сол рухына сыйынғанда, бойына ерекше күш-құдірет дарып, қуаттанып, кез келген қиындықты жеңіп шығатындай қуатқа ие болады.
– Сонда, ата, кез келген адамның пірі бола ма?
– Кез келген адамның пірі бола бермейді. Ондай рух ерекше адамдарда ғана болады. Мәселен, кейбір арқалы батырларға, ақын-жыраулар мен өнерлі адамдарға ғана дариды. Адамдардың аңыз етіп айтуынша, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың, Кенен ақынның, Ағыбай, Сұраншы батырлардың, мына Ескелді бабаңның пірлері қызыл жолбарыс болған. Ал, Абылай ханның пірі – ақ бура, Қажымұқан балуанның пірі – Баба түкті Шашты Әзіз болған деседі. Өткенде біз «Алпамыс