БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар!. Нарша Булгакбаев
Читать онлайн книгу.ақы төлегенін және сотта оған қарсы жалған куәлік бергенін айтты. Үшіншісіне – ең жақын досы оған опасыздық жасапты, әділдіктен қашып оны ақша үшін құрбан етіпті. Соңында герцог кінәсін мойындаған адамды тыңдады: «Мырза, мен бұл жерге лайық болғандықтан келдім. Мен көп ақша алғым келіп, әмиян ұрладым. Мен төзуге тура келетін нәрсеге лайықпын және дайынмын».
Герцог таң қалды. Ол галера капитанына бұрылып: «Бұл адамдардың бәрі кінәлі емес және әділетсіз сот үшін осында келді, бірақ олардың арасында бір қылмыскер бар. Одан басқасының бәрі ақ екен, пәк екен, күнәсіз екен, ал мына қылмыскер өзінің бүлінуімен осында келді, сондықтан өз күнәсін басқаларға жұқтырмайынша, оны тезірек босатайық». Өз кінәсін, қателігін мойындаған, келіскен адам бостандыққа шығарылды және кешірілді, ал ақталатын дәлел іздеп, айыпсызбын деп өзін ақтағандар мен сылтауды таңдағандар галерада қалды.
Бұл шын мәнінде болған оқиға және бір қызығы, ол біздің өмірімізде не болып жатқанын дәл көрсетеді. Біз қателесеміз және қатені мойындаудың орнына өмір бойы өзімізді ақтаймыз. Біз басқаларды (ортаны), жағдайды кінәлаймыз, оның орнына біз неге былай айтпаймыз: «Мен өз өмірімді өзім басқарып келдім. Менің миымдағы ойларды басқаратын жалғыз менмін және дәл қазір менің кім екенім, қандай екенім – менің өзіме өзім жасағаным». Осы ақиқатты түсінген сәтте біз осы өмірдің галерадағы құлдығынан арыламыз және өз өмірімізді өз еркімізге қайтарып, басқаша, ақиқатқа сай, лайықты өмір сүре аламыз.
Өз өміріңізге қараңыз. Өзіңізді және өмірді түсініңіз, реттеңіз, тәртіпке салыңыз. Қателіктеріңізге қарамастан өзіңізді кешіруге және сүюге үйреніңіз. Қателіктеріңізді қабылдаңыз. Осы қателіктер үшін өзіңізді кешіріңіз және жақсы көріңіз, содан кейін сіз галерадағы құлдықтың өмірінен босатыласыз. Сіз өмір сүруіңіз керек жолмен өмір сүруге мүмкіндік аласыз: бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілікті алудан басталады.
Өмір дегеніміз кітап
Сіз қазір отырған немесе тұрған жерде бір кітап бар ма, маңызды емес қандай болса да? Егер «иә» болса, тапсаңыз, менен сізге бір өтініш – кітапты қолыңызға алыңыз. Бұл кітаптың не туралы екендігі маңызды емес: оны жай ғана алыңыз және оған қараңыз. Енді оны сіздікінен өзгеше көзқараспен көруге тырысыңыз. Елестетіп көріңізші, бұл кітапты, сіз қолыңызда ұстап тұрған, белгісіз бір аралға теңіз толқындары жағаға шығарды. Кітап су-су болып қалды деп ойламаңыз. Ол әлі құрғақ. Бұл аралдың тұрғындары ақылды және мәдени тұрғыдан дамыған екен, бірақ алфавит, әріптер туралы түсінік жоқ.
Олар енді не істейді? Олар кітапты алып, әдемі жасалған қағазды көреді. Олар баспаға қарап, әріптер мен тыныс белгілерінің күрделі құрылымын көреді. Олар бұл өте қызықты өнер түрі деп ойлайды және кітапты осы тұрғыдан бағалайды.
Олар кітапты түсінеді ме? Олар осы кітаптан нақты пайда алады ма? Жоқ деп ойлаймын. Әрине, қағаз бен баспа белгілері – бұл кітаптың нақты мазмұнының кішкентай