Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер. Айнур Женисбековна Аймурзина

Читать онлайн книгу.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер - Айнур Женисбековна Аймурзина


Скачать книгу
қаупі де жоғары. Әсіресе, балалар үйімен қоштасқан соң.

      Сол себепті менің басты әрі жалғыз мақсатым – қылмыс жасамауына және ішімдік пен есірткінің арбауына түспеуіне көмектесу.

      Қарым-қатынас барысында біз материалдық әрі қаржылық тұрғыдағы бірсыпыра күрделі мәселені шештік. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінде «менікі» деген түсінік жоқ, оларға бәрі ортақ.

      Олар ақшаның құнын білмейді. Мұны біз бірге реттедік. Шешілмеген мәселелерден қалғаны – қандай да бір нәрсеге ынтаның, ниеттің, қызығушылықтың жоқтығы, сондай-ақ кітаптар.

      Тәрбиеленушілер мүлде кітап оқымайды, оқыса да амалсыз, қиналып оқиды.

      Жұптағы қиын сәттерді баламен бірге, ересектер де сезінеді. Мен үшін қиындық басқа тәлімгерлермен салыстыру еді. Әрине, балалардың ешқайсысы «сенің тәлімгерің жақсы, маған да сондай адам болса ғой» деп айтпады, бірақ араларында өзара бәсекелестік бар.

      Жоба барысында өзімді таныдым, сезімім мен мүмкіндігімді бағамдадым. Әрі маған толық емес және тұрмысы қиын отбасынан шыққан баланы түсіну, оған шамам келгенінше көмек көрсету, оның бәрінен мақұрым қалған шектеулі емес, толыққанды адам екенін көрсету маңызды еді.

      Руслан

      Елена – мейірімді, өте жауапты, көңілді, ақжарқын жан. Менен көмегін аямайды. Сол кісі сияқты мен де төзімді болғым келеді. Егер біреу мені түртпектесе, шамданып шыға келемін. Лена сондай сәтте өзін басқаша ұстар еді. Оны байыппен тыңдап, шешімін табар еді. Әзірге мен олай жасай алмаймын.

      Десе де, мен мейірімдірек бола түстім, бірдеңе істемес бұрын асықпай ойлануды, жан-жақты талдауды үйрендім. Ленаның тау бөктеріндегі үйіне барған ұнайды, онда бәрі тамаша: таза ауа, көңілді отбасы дегендей. Балалары мен немерелеріне де жақсы тәрбие берген. Біз Үлкен Алматы көліне бардық, «Монополия», боулинг ойнадық. Ал оның үйінің ауласында кәуап жасағанымыз да есімде. Бәрі тамаша, көңілді күн болды.

      Елена менің жан досым, жақыным, туысым сияқты. Мен онымен әрдайым кез келген тақырыпта ашық сөйлесемін. Бір маңызды жайтты анық түсіндім – досың өзіңнен үлкен болуы мүмкін, алайда шын достық жас талғамайды.

      Жоба үйлестірушісінің пікірі

      Екі жылда Елена мен Руслан тығыз қарым-қатынас құра білді. Руслан әрдайым Еленаға оп-оңай жүгінеді, себебі бір-біріне деген сенім әбден қалыптасқан, екеуі кез келген мәселені талқылай алады. Елена да оған туған ұлындай қарайды. Әрдайым оған шынайы алаңдайды, өмірлік ақыл-кеңесін аямайды. Русланға Ленамен және оның балаларымен, немерелерімен бірге уақыт өткізген ұнайды.

      Мұның бәрі ол туралы

       «Адамдарға көмектесетінін айтады».

      Тәлімгер – Карина, 40 жаста

      Қамқорлықтағы бала – Вагиб, 17 жаста

      2 жылдан бері жобада

      Карина

      Вагиб есімі – арабша әл-Уаһһаб есімінің түркілік нұсқасы, Алланың 99 көркем есімінің бірі, «Сый беруші» деген мағынаны білдіреді. Адам есімі оның тағдырына, жеке басының қасиетіне әсер ете ме, жоқ па, бұл – әлі күнге дейін даулы мәселе. Бірақ менің жас досым – шынымен де, ғажап, керемет


Скачать книгу