Адвокатпен сұхбат. Тайыр Күзекұлы Назханов
Читать онлайн книгу.Ал, Сіздің клиентіңіз ше?
ТАЙЫР – Әрине, босатылды, сонымен қатар ол лауазымды тұлға, подполковник болатын. Осылайша, ол лауазымына қалпына келтірілді және жалақысы бойынша барлық берешек сома төленді… Ал, енді аян беретін түстерге сеніңіз бе?
ДАНИЯЛ – Аян беретін түстерге сенбеймін! Бірақ жұмыс тәжіри- бесі мен адам психологиясын білуден туындайтын заңгердің түйсігіне – иә, сенемін! Және де, айғақтар – үлкен күшке ие дегенге!
ТІНТУ
ДАНИЯЛ – Ал, айғақтар тергеудің қолында үлкен күшке ие болуы үшін және барлық істі құлатпау үшін, оларды жинауға, яғни тінтуге өнер ретінде қарау керек шығар?
ТАЙЫР – Әрине. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу әрекетін жүргізу, оның ішінде тергеу әрекетін тіркеу де, жазу да нақты көрсетіл- ген. Бірақ, шұғылдығына қарамастан, тінту тергеу судьясымен алдын-ала санкциялауы керек. Алайда, бірегей жағдайлар да болып тұрады. Егер бұл шұғыл жағдай сонымен қатар, өте маңызды болса дереу тінту жүргізе аласыз…
ДАНИЯЛ – Яғни, санкциясыз ба?
ТАЙЫР – Иә, әйтпесе күдікті айғақтарды жойып жіберуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар кейіннен тергеу судьясының бақылауын қажет етеді. Егер судья оны жүргізу кезінде заң бұзушылықтарды таппаса, онда бұл тінту және оның нәтижелері дәлелді мәнге ие болады.
ДАНИЯЛ – Егер бірнеше күдікті болса ше?
ТАЙЫР – Әрине, әрбір тінту бөлек келісілген болу керек. Бірақ, әрине, іс жүзінде тергеу, тіпті тінту бірнеше жерде жүргізілуі керек болса, оның бәрі бір уақытта жүргізілгені дұрыс.
ДАНИЯЛ – Неге?
ТАЙЫР – Егер, бүгін қылмыстық қоғамдастықтың бір мүшесінде тін- ту жүргізіп, басқаларын «кейінге қалдыруды» шешсеңіз, онда олар бір- бірін ескертіп үлгереді және, тиісінше, қылмыс құралдарын және басқа да заттай айғақтарды жасыра немесе олардан мүлдем құтыла алады. Тінту жүргізу фактісінің өзі де мұқият құжаттадырылуы, ал хаттама тінту жүр- гізілген адамға табыс етілуі тиіс.
ДАНИЯЛ – Ал, мұндай қиындықтар не үшін керек?
ТАЙЫР- Өйткені, бұл тінту жұмыстары кейіннен шағымдалуы мүм- кін. Сондықтан, тергеушінің қолында оның әрекеттерінің толық заң- дылығын растайтын ресми құжат болуы керек.
ДАНИЯЛ – Есіме О. Джей Симпсонның әйгілі оқиғасы түсті..
ТАЙЫР- Ол жерде сәл өзгеше оқиға болды, бірақ сіздікі дұрыс. Тінту кезінде бір нәрсе «дұрыс ресімделмесе», нәтижесінде ауыр қылмыс жа- саған адам жазадан құтылып кетеді.
КӨЗБЕ-КӨЗ
ДАНИЯЛ – Мүмкін, көзбе-көз кездесулер де тергеуші өнерінің маңы- зды бөлігі болып табылатын шығар?
ТАЙЫР – Сөзсіз. Және де олар заңға сәйкес қатаң түрде жүргізілуі керек.
ДАНИЯЛ – Мүмкін, ол жерде процеске қатысушылардың жеке қа- рым-қатынасы айқын көрінетін шығар?
ТАЙЫР – Әрине, көзбе-көз кездесу жеке қарым-қатынастарды нақты- лау үшін өткізіледі деп ойлау қателік болар еді. Көзбе-көз кездесу, бы- лайша айтқанда, екі адамның айғақтары арасындағы айырмашылықтар, келіспеушіліктер болған жағдайда қажет. Бірақ бұл жерде жеке қатына- стар, ұнату-ұнатпау сияқтылар шынымен де жарыққа шығуы