Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі. Генри Киссинджер
Читать онлайн книгу.процестері саяси хабарламаларды әзірлеу, осы хабарламаларды халықтың әр түрлі топтары арасында бейімдеу және насихаттау, әлеуметтік алауыздықты тудырғысы келетін қаскүнемдердің жалған хабар жасауы және таратуы, жалған хабар мен зиянды деректердің басқа да түрлерін анықтау, сәйкестендіру және зиянсыздандыру алгоритмдерін әзірлеу және өрістету сияқты саяси процестердің көптеген аспектілерін анықтайтын дәуірге енеді. Бұл ретте ақпараттық кеңістікті айқындау мен қалыптастырудағы ЖИ рөлін анықтау қиындай түсуде, кейде тіпті оны әзірлеушілер оның қалай әрекет ететінін ғана жалпы сипаттап бере алады. Бұл демократияның, тіпті ерік бостандығының перспективасын өзгертуі мүмкін. Бұл өзгерістердің қаншалықты игілікті немесе қайтымды екендігіне қарамастан, бүкіл әлемдегі мемлекеттер жағдайдан хабардар болуы және қоғамдық келісімдерді бұзбау үшін олар туралы білуі керек.
Әскери саланың болашағы одан да күрделірек. Егер армиялар қарулануға ой-өрісі адамдарға – әскерилерге және стратегтерге түсініксіз ЖИ жасақтаған стратегия мен тактиканы қабылдаса, күштердің арақатынасы өзгереді және оны анықтау қиынға соғады. Егер мұндай машиналар өз бетінше әскери шешімдер қабылдауға мүмкіндік алса, қорғаныс пен тежеудің дәстүрлі тұжырымдамалары, сондай-ақ жалпы соғыс заңдары бұзылады және бейімдеуді қажет етеді.
Бұл мысалдардан әлеуметтік топтар мен әр түрлі ЖИ-мен қаруланған немесе оны жасамайтын елдер арасында қандай кедергілер пайда болатындығы айқын көрінеді. Егер әр түрлі топтар немесе мемлекеттер әр алуан ЖИ пайдаланса, олардың шындықты қабылдау тәсілдері болжап болмайтын бағыттарда айырылуы мүмкін. Мақсаттары, оқыту модельдері және ЖИ-ге қатысты практикалық және әдеп шектеулері әр түрлі адам мен машина арасындағы серіктестіктің әр түрлі тәсілдерінің даму шамасына қарай бұл бәсекелестіктің өсуіне, техникалық үйлесімсіздікке және өзара түсініспеушілікке әкелуі мүмкін. Нәтижесінде бастапқыда ұлттық айырмашылықтарды еңсерудің және объективті шындықты таратудың құралы болып саналған технология уақыт өте келе елдер мен халықтардың тұтас иеліктен айырылуының себебі болуы мүмкін.
Нақты мысал – AlphaZero. Бұл жүйе ЖИ енді қандай жағдай болса да ойындарда адамның білімімен шектелмейтінін дәлелдеді. Әрине, терең нейрондық желілер деп аталатын машиналық оқытуға негізделген AlphaZero ЖИ-дің өзіндік шектеулері бар. Бірақ машиналар көбіне-көп адам қиялынан тыс шешімдерді жасауда. 2016 жылы DeepMind құрамына кіретін DeepMind Applied компаниясы Google деректерді өңдеу орталықтарын салқындатуды оңтайландыру үшін ЖИ (көп жағдайда AlphaZero-мен байланысты) әзірледі. Бұл міндет бойынша әлемнің ең үздік инженерлері жұмыс істеді, бірақ DeepMind ЖИ салқындатуды одан әрі оңтайландырып, қосымша энергия шығынын 40 %-ға азайтты. Бұл – адамның өнімділігімен салыстырғанда орасан зор жақсарту[8]. ЖИ көмегімен әр түрлі қызмет салаларында салыстырмалы серпілістерге қол жеткізілгенде, әлем сөзсіз өзгереді. Нәтиже адам проблемаларын неғұрлым тиімді шешу
8
Richard Evans, Jim Gao, DeepMind AI Reduces Google Data Centre Cooling Bill by 40 %, DeepMind (2016 ж. 20 шілде), https://deepmind.com/blog/article/deepmind-ai-reduces-google-data-centre-cooling-bill-40, сілтеме 2022 ж. 5 ақпанда тексерілді.