Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.– лар негізінен арнайы ғылыми зерттеулер нәтижесінде қалыптасады, камералық өңдеуден соң музейге келіп түседі, ғылыми атрибуциясы музейге дейін, не болмаса музейге келгеннен кейін де жасалады. Ең ірі және бағалы археологиялық К. – ларды Түркияда Стамбул Археологиялық музейінен, Қытайда Гугунь Патша сарайынан, Ресейде Эрмитаж, Мәскеудегі тарихи музейлер, Қазақстанда ҚРОММ, ҚР Ұлттық музейінен, өңірлік тарихи-өлкетану музейлер қорынан көруге болады. Жергілікті тарихи-өлкетану музейлеріндегі археологиялық К. – лар жергілікті тарихты сипаттайды. Ғылыми зерттеулер және археологиялық жаңалықтардың ашылуы, музейлер қорында жаңа археологиялық К. – лардың толығуын тездетті. Мысалы, Ресейде палеолит дәуірінің жиынтығы «Кижи» музей – қорықтары жасалынды.
Көркемсурет коллекциясы – сурет өнерінің (суреттер, графиктер, мүсіндер), сәндік-қолданбалы және халықтық өнердің құралдарын жинау. Барлық уақытта эстетикалық талаптарды қанағаттандыру үшін эстетикалық көзқарастарын және өнер ғылымдары жайлы эстетикалық дамуға қызмет етеді. Көркемсурет К. – сы түрі болып көне грекиялық Мусейондар музейінің шіркеулер К. – лары, Көне Рим шіркеулерінде және термаларының К. – лары болып саналады. Шіркеулердің, монастырдың, ортағасырлық Еуропаның патшалар қазынасының, әмбебап көне К. – лардың, Кунсткамералардың құрамдық бөлігі болып табылды. Көркемсурет туындыларын мақсатты түрде К. – лау Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінен басталды. Бұл үдеріс Ресейде 18 ғ. – ларға тура келді, мұнда жаңа көркемдік көрмелер және бағалы көркемдік К. – лар ғимараттарда және жеке жайлардан басталды. Көркемдік К. – ларды қою үшін арнайы ғимараттар салынды. 19 ғ. – дың басында алғаш рет көркемдік К. – ларда жаңа замандағы орыс көркем суретшілерінің туындылары пайда болды. Осылайша жеке музейлер жанында Павел Свиньиннің «Русский музейум» және т.б. пайда болды. 19 ғ. – дың екінші жартысында жеке көркемдеу К. – ларының негізінде көркемдік музейлер құрылды: Третьяковская көрмесі, Цветковская көрмесі және т.б. Өзінің талғамына және сән үлгісіне мән беретін К. жинаушылар енді өнертану аумағын зерттей бастады. Көркемдік К. 19 ғ. – дың соңында мамандандырылды. Онда көркемдік өнердің жеке аумағы ретінде иконаларды жинақтау (И.С. Остроуховтың К. – лары), сәндік-қолданбалы өнер заттарынан (М.К. Тенишевотың, Г.А. Брокараның К. – лары) бөлініп шығады. 20 ғ. – ларда көркемдік К. жинаушылар мемлекеттік жинақтық қорды біртіндеп толтыратын жеке К. – ның маңызды бөлігі болып қаланды.
Этнографиялық коллекция – белгілі бір айқындалған этностың немесе этникалық топтың мәдениетін көрсететін заттарды жинауға жүйелендірілді. Тұрмыстық ортадан алынған заттар К. – лық жинақтау шегінде бола алады және музей экспонаты этномәдениеттік ақпараттарды сақтағанда ғана бола алады. Этнографикалық К. – лар этностардың материалдық мәдениетін (тұрмыстық, шаруашылық, өндірістік, діни) ғана емес, материалдық емес мәдениет мұраларын (дәстүрлер, сенімдер, фольклор) да көрсетеді. Этнографикалық К. – лардың артефактілері өзіндік