Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
ғана мен емеспін.

      Бұдан былай кездессе,

      Солармен де кеңескін.

      Атаның болма баласы,

      Халықтың бол данасы, – деп шешен мақтаншақ Наурызбай болысты жиналған халық алдында қатты ұялтқан екен.

      Тек өз қарақан басыңа, отбасыңа ғана емес, ауыл-аймағыңа, ел-жұртыңа да пайдаң тиетіндей азамат бол деген мағынада айтылған.

      АТАНЫҢ АТ ТҰЯҒЫ ЖЕТКЕН ЖЕР

      БАЛАҒА МИРАС

      Бәйдібек би «Бұлақ көрсең, көзін аш, құдық көрсең шегенде, оның басына тал ек» дейді екен. Малын өргізіп, жайылым іздеген ауылдастарына «Қыстау, қорған салыңдар. Оны тастап кетпеңдер. Оған айналып соғып, қыс қыстап, жаз жайлап жүріңдер. Аттың тұяғы жеткен жер бекер қалмасын. Төбе басына оба үйіп, қада қағып, белгі тастап отырыңдар», – деп өсиет айтатын бопты. Бәйдібек бабаның осы өсиеті бекер емес екен.

      Бір жолы моңғол ма, жоңғар ма, әйтеуір бір елмен шекараға мал жайылымына талас туыпты. Сонда екі елдің ел басшы, ел билері орталарынан кісі шығарып шекараны анықтау үшін жүріп отырып, «Мынау бұлақ кімдікі, мынау құдықты кім қазған, талды кім отырғызған?» десе, Бәйдібек аулының адамдарынікі болып шыға беріпті. «Мынау обаны кім үйген, мынау қаданы кім қаққан?» десе де, Бәйдібек адамдары ие бола беріпті. Айдан-анық, тайға таңба басқандай, белгі-дәлелдерін көріп, даукес елдердің амалы құрыпты. Көнбеске амалы қанша, сол «Бәйдібек қыстауы», «Бәйдібек аулының жайлауы», «Бәйдібек құдығы», «Бәйдібек бұлағы», «Бәйдібек талы» деген жерлерден шекара сызығы тартылып, екі ел шекарасы белгіленіп, жер дауы шешімін тауыпты деседі ел. «Атаның ат тұяғы жеткен жер, балаға мирас» деген осы.

      Кең байтақ еліміздің шекарасын – жауынгер ата-бабаларымыз ақ болаттың жүзімен, найзаның ұшымен қорғап, иелік еткен, өзіне – қоныс, малына жайылым еткен, ат тұяғымен талай шиырлаған жерлер бойынша шегара белгіленген жоқ па. Енді, міне, ұрпағы біз, сол жерлерді мирастықпен иеленіп, тәуелсіз ел болып отырмыз.

      АТАН БОЛСА СОЙЫЛАР,

      АТАМ ӨЛСЕ ҚОЙЫЛАР,

      МҰНДАЙ ҚАНСОНАР КҮНДЕ ҚАЙДАН ТАБЫЛАР

      «Аң дегенде жай адамдар да елең ете қалады. Ал аңшылар аң дегенді естігенде, ішкен асын жерге қойып тыңдайтындар ғой. Аң аулау маусымында аңшылар күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жорытады. Талайы аң аулаудан байиды. Ішіп-жеп, игілігін көреді. Аң аулап, серуен-салтанат құрып, рақаттанады. Талайының бағы шаппай, ыңыршағы шығады. Аң соңында жүріп мертігеді, өледі. Өйткені, ертеректе аң қызығы ең үлкен, ең тамаша қызықтың, серуен-салтанаттың бір түрі болғаны рас. ХІХ ғасырдың аяқ шенінде Тарбағатай төңірегін мекен еткен атақты Былғақ деген адам қан сонар күні аңға шығайын деп жатқанда, атасы (әкесі) қайтыс болады. Соған қарамастан аңға аттанғалы жатқан Былғаққа ел-ағайын: «Ойбай-ау, мынауың не?» – десе, «Атан болса сойылар, атам өлсе қойылар, мұндай қан сонар күнде қайдан табылар», – деп Былғақ тентек шаба жөніліпті. («Саят»).

      АТАҢА НЕ ҚЫЛСАҢ, АЛДЫҢА СОЛ КЕЛЕР

      Ертеде бір елдің ханы: «Қартайған әкелерін балалары биік құздан құлатып өлтірсін!» – деген жарлық беріпті. Халық осы жарлықты орындапты. Бір жас жігіт өзінің әкесін құз басына


Скачать книгу