ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
Үй арасында қаран-құран етіп жүрген елдің ішінде әскери сарбаздар басым. Ақ боз үйдің біреуінің алдында үлкен тай қазанда буы бұрқырап ет пісіріліп жатыр.

      Үш елдің игі жақсыларының бәрі ортадағы асырда бас қосқан. Еңселі үш тақытта үш елдің тәңірқұты – Омар, Тамыр, Сақұстар отыр. Олардың айналасында уәзірлер мен билер, қолбасшылар. Тәңірқұттар кеңесі қызу жүріп жатыр.

      – Ел іргесі сөгілді, – деді Омар. – Батыстан мидиялық Дарийдің 700 мыңдық қолы көкті жапқан қарғадай қаптап, баса көктеп келеді. Кешегі күндері олар Томиристен ойсырай жеңілгендерін, патшалары Кирдің басы осында қалғанын ұмытпаса керек. Енді көрмейсің бе, парсылар бұл далаға бұлтты шегірткедей тағы төпеп, кеткен кектерін, жіберген еселерін еселеп өндіріп алуға өңмендеп келеді. Топан судай ойран салған бұл жауға қандай қайран көрсетеміз? Қалай тосқауыл болмақпыз?

      – Біздің бүгінгі кеңесіміздің мақсаты да сол емес пе. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», үшеуміз қол біріктірейік. Сөйтіп, күшімізге күш қосып, бір жұдырық болып, сол топанға төтеп берер тас қамал, қасқайып қалқан болайық, – деп қостады оны Тамыр тәңірқұт.

      – Е, мұныңыздың бәрі бос қиял, – деді Сақұстар. – Үшеуіміз біріксек те, бар болғаны екі жүз мыңға жетер-жетпес қол құрамыз. Қара құрттай қаптаған Дарийдің қолына қандай қамал, тосқауыл болмақсың? Қайта сені жан-жағынан қаусырып, бір уыс насыбайдай алақанға салып, бір атып жоқ қылмай ма. Одан да үшеуміз жеке-жеке әрекет жасайық. Жауды көкжал бөрідей әр тұсынан «шолақ соғыс» тәсілімен жұлмалап-жұлмалап, жүйкесіне тиіп, әлсіретейік. Содан басқа, содан ыңғайлы жолды көріп тұрған жоқпын. Менің ұйғар-ымым – осы.

      Омар мен Тамыр ойланып қалды.

      – Кир патшаның құмырсқадай қаптаған әскерін Тұмар ханым тас-талқан етіп жеңген жоқ па еді. Біз сол құрлы жоқпыз ба. Ең дауасы күш біріктірейік…

      – Сендер өздерің тізе қосып соғысамыз десеңдер, соғыса беріңдер. Ал мен әлгі ойымнан қайтпаймын.

      Сақұстардың осы тұжырымын білгендей, сырттағы бақауыл-дардың бірі ет пісіп, дайын болғанын хабарлады.

      Ет желініп, сыртқа тоқтық басуға шыққанда да, тәңірқұттар мен қолбасшылардың жүздері жабығыңқы, еңселері түсіңкі күйден танған жоқ. Сақұстар астан кейінгі отырысқа қарамай суыт жүріп кетті.

      Омар мен Тамыр алдағы жорықтың жайын ақылдасып отырғанда, сырттағы күзетшінің бірі бас сұқты:

      – Шырақ деген жылқышы жігіт алдарыңызға кіргісі келіп рұқсат сұрайды. «Жорыққа қатысты ой-ұсынысым бар», – дейді?

      – Кірсін! – деді іштегілер.

      Асырға өткір көзді, қияқ мұртты, сіңірлі ірі денелі қара жігіт кіріп келіп, ортаға қамшы тастады.

      – Иә, датың болса, айт! – деді Омар.

      – Әлгінде сіздердің жүздеріңізден торығуды байқап, шыдай алмай келіп тұрмын, – деді Шырақ. – Иә, парсылардың күші жойқын, екпіні қатты екенін қарапайым жұрт біз де біліп жүрміз. Егер құлақ қойсаңыздар, менде бір ой бар.

      – Тыңдауға дайынбыз, айта бер.

      – Менің ойымша, жаудың екпінін әлсіретудің бір ғана жолы бар. Қазір біз шөл даланың шегінде тұрмыз. Бұдан әрі қарай ұшы-қиырсыз, елсіз, сусыз Бетпақдала. Демек, жауды сол иен жатқан шөл далаға ілестіріп, індетіп апарып,


Скачать книгу