Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
дуан басының келетінін естіп, соны күтіп отыр екен. Бұлар түс ауа келді. Қолма-қол дайын тұрған мәйітті барлық рәсіммен шығарып салды. Үйге келіп қайыра құран оқылып, жан жақтан келген адамдар енді сұлтаннан бұрын кетіп қалуға ұялып отырған болатын. Содан бір сөз күтіп отырған. Дуан басы оны сезген болуы керек, бәріне ұлықсат берді. Сөз соңында жиналғандарға Тоқалардың үлкендері қалсын деп айтты.

      Тоқаларға көрші отырған Қаржас, Қаракесек, Темеш, оңтүстіктен Найман бәрі кеткеннен кейін Тоқалардың үлкендері арасында Қорыспайдың Баймырзасы, оның туысы Сапақ, Аққошқардың Садыры, Барағанның Қамысбайы, Ерназардың Жалантөсінің үлкені Кәдір, Құлымбетінің Лауы, Елгелдінің Таубай, Жабаның Қожамжары бар еді. Тоқалардың басқа да ақсақалдары отырған. Көпшілігі сексеннен асып, Жанкелдінің соңынан кетуге күнін санап отырған адамдар. Қазақтар үлкендерін сыйлап үйренген халықғой, жас келсе де олардың рулар арасында қадірі бар еді. Оны Қоңырқұлжа жақсы білетін. Сондықтан да сәті түсіп тұрғанда Тоқалардың шалдраны пайдаланып қалғысы келді.

      Тоқаның шалдары Жанкелдіні жерлеуге аға сұлтанның келетіні үш ұйықтаса да ойларында жоқеді, бір жағынан таңқалып отырған. Әрі сұлтанның мына келісіне риза еді.

      Сұлтан ананы-мынаны айтып отырдыда сәлден соң көңілдегі негізгі сөзін бастап кетті

      – Менің осы отырған Тоқа жұртына өкпем бар, мына жерде айту орынсыз болса да, соны естеріңе салығм келіп отыр —деді Қоңырқұлжа. —Жанкелді марқұмды о дүниеге аттандырып отырсақ та, жағдай жайсыз болса да, соны айтқым келеді. – Осыны айтты да үнсіз қалды. Отырғандарды көзастынан бір шолып өтті. Олар да үнсіз отыр.

      – Мына өлік шығару жиынында не айтқалы отыр дегендей, отырғандар бір-біріне қарады. Содан кейін Қоңырқұлжаға қараған еді. Ол әлі де мына шалдардың өздері сөзбастауын күтіп отыр еді. Соны түсінгендей Баймырза отырып:

      Сұлтан қысылмаңыз айтыңыз, – деді.

      – Ендеше, балам Шыңғыстың құнын төлейсіңдер. Соны көптен айта алмай жүр едім. Мына ретсіз жерде реті келді. Өйткені, мұндай сіздердің бастарыңыз қосыла бермейді. Содан кейін айтып отырмын.

      Ол балаңыздың өлгеніне пәлен уақыт болды. Сұлтан қандай құнды сұрап отырсың, деді Таубай.

      Сұлтан оның мұнысын жақтырмай қалды ма, өзінің қасында отырған Баймырзаға қарап сөзін жалғады.

      – Бүгін Жанкелді марқұмның дастарханының басындабастарыңыз қосылып қалған екен. Басқажерде сендердің осылай бастарыңды қосудың өзі қиын. Содан кейін айтып отырмын. Менің өкпем Балам Шыңғыс қайтыс болғанда біреуің де есік ашуға жарамадыңдар.

      Бұл сөзде шындық жатыр еді. Тоқалардың тәуірлерінің бірі бармаған еді. Турасын айтқанда, сол арада жазалап жібереме деп қорыққан еді. Әлгінде сөзбастауға себепші болған Баймырза сұлтан баласы жайындасөзбастаған соң үндемей қалды. Бұлардың ішіндегі жасы, сөзге ширақ Баймырзаның ініс Сапақағасының сөзін жалғағандай болып көңілдегісін айтқан болатын:

      – Сұлтеке, біздің жақтан кеткен ол үлкен білместік болды, деді Баймырза.

      – Сен үйтіп ақталма. Әр нәрсенің жолы бар, жөні бар. Осы отырғандардың әрқайсынбір-бір руды басқарып отырсыңдар.


Скачать книгу