Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
Әрқашан Қоңырқұлжа мен Карбышевтің әңгімелері оңаша өтетін.

      Соңғы бір келгенде Қаниса отырғанда дастархан басында Карбышев Қоңырқұлжаға айтқан:

      Қоңырқұлжа Құдаймендинович сіз аурусыз, орныңызға басқабіреуді қоюыңыз керек. Сол арқылы дуанды басқарасыз – деген еді.

      Мына сөз жаман әсер етті, сұлтан үндемей біраз отырып қалды. Карбышев те оны асықтырмай жайылған дастарханнан тамақ ішіп өзжайымен, тіл қатпай отыра берді. Дегенмен, екеуінің арасындааңдысу бар еді. Қоңырқұлжа не дерін білмей отыр, ал Карбышев болса оның не айтатынын күтуде еді.

      Қоңырқұлжаның ойы орнына баласы Бекәліні қою болатын. Бұл кезде ол жаста болса Айқожа-Қарпық болысы болып бірнеше жыл істеп, кейін Карбышевтің көмегімен Омбыға барып оқуға түскен. Бекәлінің көп пара алып көзге түскенін Карбышев жақсы білетін. Нұра Тоқалары үстінен жоғары жаққа сан арыз жазған. Губернатор содан кейін оны орнынан шығартқан. Бекәлі Карбышевтің күшімен орысшасы нашар болса да Омбыға барып Төре балалары оқып жүрген әскери мектепке түскен еді. Қазір сонда оқып жатқан.

      Қоңырқұлжа біраз үнсіз отырып барып айтқан, менің орныма Бекәліні қоюды жоғары жақтан сұрасақ қайтеді?

      Қоңырқұлжаның мұнысы далбаса екенін, қазақ жерінде уездер құрылуына байланысты төрелерден де, қазақтардан да бұл жұмысқа адам қоймайтынын Карбышев білетін. Аға сұлтанның аузынан мынандай сөз естіп Карбышев:

      – Сіз Бекәліні әуре етпеңіз, ол Омбыдағы оқуын бітірсін, оынң жағдайын кейін ойластырып жатармыз, -деді. Дуан басы етіп сіздің күйеу балаңыз Ыбырайды тағайындайық. —Карбышев Ақмола дуанын тарататынын біліп отыр еді, Қоңылқұлжа ауырып жатқалы күйеу баласы Ыбырай Жайықбаев басқаратын. Карбышев оның уақытша отырғнанын жақсы білетін. Губернатор патша алдында еңбегі бар аға сұлтанды ренжіткісі келмей отырғанын жақсы білетін. Оның денсаулығының нашар екенін губернатор да Карбышев арқылы біліп отырған еді. Бұл Ақмола дуанының әзірге уезге айналмай тұрғаны патшаға жақсы қызмет атқарған сұлтанның көңіліне қарау болатын.

      Карбышевтің әйелінің ағасы губернатор қарамағында бір мықты жұмыс атқаратын. Сол да губернатор құлағына Семендіжіберудің бастығының құлағына салып қойып жүрген. Соның да сөзі себеп болды ма, губернатор бірде Карбышевтің өзіне айтқан, сен өзіңнің туған жерің Ақмола уезіне оязболып барсаң қайтеді. Бұл қызметке баруға тілек білдірушілер орыстар арасында көп болатын. Өңкей киргиздардың арасында орталықтан алыстау жерде жақсы өмір болатынын басқалар да түсінетін. Онда еркін қимылдау Омбыда, Тоболдан шалғайда жатқан жерде әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ екенін білетін. Карбышев те талай адамдардың барғысы келетін біліп жүрген. Ақмола Приказын Семеннан артық ешкім жақсы білмейтінін губернатор да түсінетін еді. Және оқу бітіргелі сонда губернатордың бақылаушысы болып істейтін. Әжептәуір, киргизшасы барын да білетін. Губерниядағы өзінің сыйлайтын адамы тілек етіп отырғаннан соң да Карбышевті


Скачать книгу