Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Читать онлайн книгу.арқасында өз арманына жеткен. Бекәлі қазір күндіз-түні жатпай-тұрмай орыс тілін үйренуде еді. Ол биікке шығудың бір жолы орыс тілінде жатқанын білетін.
Бекәлі Омбыда оқып жүргенде сұлтан үйінде осындай әңгіме болып жатқан. Карбышевтің мына айтқаны қанша тілегінен шықпай тұрса да сұлтан ақыры, Ыбырайды қоюға келіскен. Өзінен күш кете бастаған сұлтан Карбышевтен сұраған еді.
– Генерал-губернатор осы дуандарды неге уезге айналдырып жатыр. Оған орыстарды қойып жатыр. Төрелерді басшылықтан қуудың амалы ма бұл? Төрелердің бәрі патшаға қарсы шыққан жоқ. Сол патшаны қолдаған еңбегімді бағалауы керек ғой.
Карбышевтің найза бойламайтын қулығы бар еді.
Сонысына салды:
– Қоңырқұлжа Құдайменмендинович бұл мәселе уақытша жұмыс. Жергілікті жерде тұратын қазақтар дуан басшылары пара аладыны жазатын көрінеді. Соған байланысты уақытша жасап отырғандары ғой, кейін бәрі орнына келеді.
– Қоңырқұлжаның ауруы қатты екенін, азөмірі қалғанын білетін. Алдында Карбышев Қоңырқұлжаны емдейтін дәрігерден сұрап білгенде, ол оның ауруы сүйек рагі екенін айтқан. Карбышев сұлтанның о дүниеге ренжімей кетуін ойластырып жүр еді.
Бұл сөз сұлтанның көңілінен шықпады.
– Сонда орыс шенеуніктері алмай ма? Осында жер, жайылым дауын тексеріп келген олар сан рет пара алған. Мен оны мына көзіммен көрдім. Сол туралы патшаның өзіне жазсам қайтеді?
– Сіз оған түк жасай алмайсыз. Бұл патшаның жүргізіп отырған саясаты…
Мына сөзді естігенде сұлтанның өн-бойын бір ашу жайлап кетті. Ашуды зорға басып сұлтан былай деді:
Мен өзімді ойлап отырғаным жоқ, келешекті ойлап отырмын. Менің орыныма Жәнілдә, болмаса Бекәлінің қалғанын қалаймын.
– Қоңырқұлжа Құдаймендинович, аумалы-төкпелі дүние. Амандық болса сіздің ойлағаныңыз да болып қалар, бірақ сіз асықпаңыз. Артын күтіңіз.
Карбышевтің мына айтқаны көңілінен шықпай тұрса да, Кенесары соғысы кезіндегі еңбегін ұмытпайтынына патшаға сенімді еді, ол. Қоңырқұлжа орыс саясатын әлі толық түсінбейтін.
Карбышевта Қоңырқұлжаның еңбегін қатты бағалайтын, әкесі өлген кезде соң шешесі, інісі және қарындасына қамқорлықжасап, қанаттыға қақтырмай, ауыздыға шоқтырмай дегендей күйде ұстаған осы адам болатын. Оны жақсы білетін. Әйтпесе, оларды құртып жіберетін төрелер де табылатын еді. Оның бәрін Карбышев жақсы ұғып алған. Бала кезінде өмірі осы Ақмола бекінісінде өткен оның тірлігі басқа орыстардан өзгелеу еді. Жергілікті халыққа үйренген.
Солардың салт-дәстүрін жақсы білетін. Қоңырқұлжаға ағайындас адамның екі қызы бар еді. Әке-шешесі өлген, өзіне жиен болып есептелетін, олар осы Ақмола бекетінің іргесінде тұратын. Карбышевпен туыс болу үшін, бірін ал деген. Ол он беске жаңа ғана келген жасын алған. Оларда әке-шеше жоқ, сұлтанды сыйлайтын өздеріне қамқоршы болып жүрген адамға қарсы келе алмады. Бір жағынан сұлтанның мінезін білетін