Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
қалды. Осы айтқандарын жасамаса тартып алатынын білді. Мына генералдың елуге келіспейтінін түсінді. Жүз атқа тоқтау үшін әдейі осылай жасап отырғанын, бұдан бір атқа кем түспейтінін сезіп, қасында отырғандарға генерал талабын айтқан еді. Қасындағы болыстардың біреуі Шоңға бұл да әлі көп екенін ескертіп, сол жетпіске тоқтайық деді. Шоң Колпаковскийге айтып еді, ол оған келіспеді.

      Шоң айтқан, «сұраған жылқыларын бермесек, әскер шығарып тартып алады, одан ешқандай абырой алмайтынымызды өздерің білесіздер». Содан кейін болыстар сөзді қойған.

      Бұлар ақылдасып болғаннан кейін Колпаковсий:

      – Сіздер бірнеше күн осы жақта қонақ боласыздар. Қанша жатсаңдар да өздерің білесіздер. Баратын жерге менің аудармашым мен мына казак алып барады деп, кешеден бері қастарында жүрген екеуін көрсеткен. Осыны айтты да, тағы да аттар туралы сөз туындап кете ме деп қорыққан болуы керек, генерал ішке кіріп кетті. Содан кейін бұлар генерал айтқан жерге жүріп кетті. Келе жатқанда Шоң казак-орыстан сұрады:

      – Біз сонда қайда бара жатырмыз? – деді.

      Казак-орыстың бара жатқан ауыл атауына тілі келмей қалды да:

      – Сергей, біздің бара жатқан аулымыздың аты қалай еді?

      – Ол мына оңтүстік жақтағы Шапыраштылардың ауылы. Сонда бірнеше күн болып серуендейсіздер. Сендер оларды білмейсіңдер?

      – Неге білмейміз, мен ол ауылда болғам жоқ, рас, бірақ ру атын білемін. Біз Медеу аулында біраз адаммен танысып едік, сонда барсақ қайтеді, – деді Шоң әлгі татарға.

      – Онда да генерал рұқсат етсе кейін барасыздар. Колпаковский мына Шапыраштар болысымен бұрын шақырып алып келісіп, тапсырып қойған. Олар дайындалып отыр. Біздің оны бұзуға хақымыз жоқ, – деді ол.

      Түс ауа Шапыраштылар аулына келді. Шоңның бір байқағаны, бұл жақтың қазақтары Арқа қазақтары тәрізді емес, ауыл арасы жақын екен. Күні бұрын айтып қойған соң олар алыстан келген қонақтарды қазақ тәртібімен қарсы алуға дайындалып жатыр екен, қазандар қайнап, күбілер пісіліп жатыр.

      Күн де жақсы еді. Жауын жоқ, бір тамаша күн болатын. Дастархан сыртта, киіз үй қасында жасалды. Қазақтардың ежелгі әдеті бойынша қонақтар да, қарсы алушылар да сөзге беріліп кетті. Арқаның қай руларынан екенін сұрап жатты. Қарға тамырлы қазақ қой, бұл жақтан да туыстар табылып жатты. Талай әңгіменің беті қайрылды.

      Шоң отырып әңгіме төркінін Кенесарыға ауыстырды. Елде жүргенде естіген: Ұлы жүздің рулары толық қолдамай, Кенесарының қырғыздардан жеңілуінің бір сыры сонда жатқанын қайтып келгендердің аузынан естіген еді. Шоң Кенесары туралы сөз қозғағаны сол еді, болыс отырып ренжи сөйледі:

      – Ол туралы айтпаңыздар. Орыс бастықтары естісе, пәле қылады!

      Оның сөзін қостағандай етіп бір би:

      – Ол Абылай тұқымының бізге жасамағаны жоқ. Осында малдарымызға дейін тартып алды. Оған қалай көмектесеміз?!

      Шоң Арқа қазақтарына жасағанын бұларға да жасаған екен ғой деп ойлады. Әңгіме өз көңілдегісіндей жақсы әңгіме болмайтынын түсініп, содан кейін тақырыпты басқаға ауыстырып


Скачать книгу