Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
көрсетіп шыға келді. Оның мұнысын Қалимаш та мақұлдаған еді. Содан екеуі ертеңіне Омбыға жүріп кеткен.

      Карбышевтің інісі кешікті. Күн ыстық болатын. Шіркеу адамдарымен келісіп, оны жерлеген еді. «Адамның айтқаны болмайды, Құдайдың дегені болады» рас екен, ақыры Карбышевке топырақ арман еткен әкесінің туған жерінен емес, ақыры Ақмола жерінен бұйырды. Әкесінің қасына жатты. Ағасын жерлеген соң екі күннен кейін Илья келді. Алайда, Карбышевтің ойлағаны болмады. Гасфорт Карбышев кеткеннен кейін біраздан соң қайтыс болыпты. Ильяның Ақмолаға уезд бастығының келуі шешілмей қалған еді. Ол ағасы өлді дегенді естіп, әлі ешқандай бекіту болмаса да, ояз бастығы екенін сезініп келген еді.

      Кешке жақын Шоң мен Герасимов, ояз судьясы, шіркеу қызметкерлері бар, Ильяны әкесі мен ағасының бейітіне алып барған еді. Әкелі-балалы екеуі қатар жатқан. Бұлардың таң қалғаны – екеуінің денесі жоқ, жерлеген орны бос жатыр…

      Герасимов айтқан: «Бұл Ыбырай Жайықбаевтың шаруасы» деді. Шоң да оның бұл айтқанын шыңға балап тұрған. Бірақ ауыз ашып ештеңе айтпады. Ояз судьясы айтты:

      – Оны қалай дәлелейсің? Семен Ивановичті жерлеместен бұрын ол Омбыға кеткен. Маған кіріп айтып кеткен, – деді.

      – Ол өзі қатыспағанымен, оның айтуымен төрелер жасады. Осында Семен Иванович Санкт-Петербургке кетіп бара жатқанда мені орнына қалдырғанын естіп шу шығарған. Мен орынбасарымын, неге мен тұрмаймын дегенді айтқан. Ол сонда қатты ашуланған. Бұл шаруа соның қолынан келді.

      – Ол дәлел бола алмайды. Бұл сөзіңмен Жайықбаевты жауапқа тарта алмаймыз, – деді судья. Шоң оның бұлай неге сөйлеп тұрғанын білді. Жайықбаев пен судьяның көңілдері әуелден жақсы болатын.

      – Сен, Шоң Телқозинович, не айтасың бұған? – деді Герасимов. Оның ондағы ойы Шоңды тартса, әлгі айтқан сөзі мықты болатынын Герасимов біліп тұр еді. Шоңның төрелерді жақтырмайтынын білетін.

      Шоң өзіне үлкен жауапкершілікті Герасимов мына сөзімен жүктеп отырғанын білді де:

      – Мен Карбышев аузынан Ыбырайды да, сені де қойып кеткенін естігем жоқ. Ол кезде елде болдым ғой, қалай айтамын? – деді. – Осипович, мен жалған айта алмаймын.

      Герасимов Шоңның бұл сөзіне риза болмады. Алайда, қарсы сөз айтқан жоқ.

      – Рас, Телқозин ол кезде қалада болған жоқ қой. – Судья бұған қарсылық білдірді.

      Герасимов судьяның Ыбырайды жақтап тұрғанын білді. Өйткені, олардың қандай істе болмасын, бірінің бірі тілін тауып жүргенін сезетін. Ол мына сөзімен Ыбырайды қорғап қалғандай болды. Шоңның әлгі сөзінен кейін Герасимов та, Карбышевтің інісі де қарсы сөз айта алмады. Екеуі бұдан кейін ешкіммен ақылдасқан жоқ, жандарм бастығына бірнеше төрелерді тұтқындатқан еді. Олардың туыстары Омбыға шапқан. Бұл екі арада бірнеше күн өтіп кетті.

      Сөйтіп отырғанда Омбыдан жаңа ояз келді. Қасында екі полковнигі бар. Гасфорт орнына Санкт-Петербургтен келген генерал-губернатор ояздыққа жаңа адамды жіберіпті. Екі полковник кеңсе қызметкерлерін жинап, жаңа оязды таныстырды.

      Карбышев пен оның інісінің арман-мақсаты далада қалды. Жиналыс аяқтала бергенде бір топ төрелер мен қамауға алынған


Скачать книгу