Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
аузы ауыр адам тәрізді көрінген. Мына үйді сол өртеді дегенге көңілі бармай отыр. Сол жолы қазылық айтқанда да, оған біраз ұрысып тастаған. Бірақ дауды соның пайдасына шешкен еді. «Қыз сендік екен, әке-шешесімен келісіп алмайсың ба, осы жасап жүргенің не?» деп реніш білдіре сөйлеген. Адамдар жаратылысы әртүрлі ғой, біреулер ренішті үйден шыға беріп ұмытып кетеді, енді бірі өлгенше ұмытпай жүреді. Сонда бұл жігітке қатты ұрысқан еді. Екі ру арасында жанжал шығарып жүргеніне қатысты біраз ауыр сөздер айтқан еді. Бұл да соны ұмытпай, еске сақтап жүр ме деп ойлады бір жағынан. Одан бері біраз жылдар өтті. Бірақ ол үшін үй өртеу мүмкін бе, бұл сұраққа жауап бере алмады өзіне өзі. Ұмытпай жүргені қалай? Одан ешқандай күдігі болмаса да ақыры сол жігітпен сөйлесуді жөн көрді. Әйімкүлге айтқан: «Сол Қабденді шақыршы, сөйлесіп көрелік» деген.

      Қабден түс ауа келді. Ол келгенде Шоң немерелерімен бірге үй алдына тігілген киіз үйде тамақ ішіп отырған. Шоң оны дастарханға шақырды. Ол келіп отырған еді. Аман-сулықтан кейін Шоң сөз бастаған.

      – Кабден осы сенің аяғыңа не болған?

      – Шоңке, алдыңғы жылы аттан құладым ғой, содан бері осылай болып қалды. Бір тамыры созылып кеткен бе, жүргенде ауырады. Ал отырғанда түк білінбейді.

      – Сен әлі жассың, аяғыңды емдеу керек қой.

      – Талай емшілерге көріндім, бірақ нәтижесі болмай тұр әзірге..

      – Сен қалаға бар. Сонда арнайы оқу бітірген мамандар бар, соларға көрін. Ел арасындағы емшілердің көбі ештеңе білмейді. Қайта өзінді шатастырады. Ең дұрысы, қаладағы емшілерге барып көрінген. Бұлай жүре беруге болмайды. Сенің өмірің әлі алда. Жассың ғой, – деп оның көңілінен шығатындай біраз жылы сөздер айтқан еді.

      Мынадай сөздерден соң оның да көңілінде бір жарасымдылық орнағандай болды да:

      – Шоңке, қол қысқа, оларға бара аламын да? Ақмолаға бару үшін де бір қойдың құны керек.

      – Сені мен қалаға барғанда ала кетемін. Дәрігерге көрінуге де көмектесемін.

      Жігіт куанып кеткендей ыңғай таныта отырып сөйледі:

      – Шоңке, олай болса барамын…

      Қылмыс жасаған адамнын өңінен, сөзінен білініп тұратын. Шоң оны пәлен жыл елге билік айтқанда байқап жүретін. Жауап алғанда ондай адамдардың көзі де, сөзі де өзгеріп кететін. Мынаның сөзінен, жүзінен ештеңе байқай алмады. «Анау әйел қателескен болар, оның үстіне бұған деген реніші бар бұрыннан». Өйткені, мына жігіттің алып қашқан қызына ана әйелдің баласы да сөйлесіп жүргенін естіген. Содан кейін өшін алу үшін айтып отыр ма деп те ойлады. Шоң енді өз ойынан өзі айныды. «Кімге кім ұқсамай жатыр. Ақсақтар аз ба, менің мұным қателік болар». Дегенмен, көңілде тұрған сұрақты қойды.

      – Көріп отырсың, Қабден, біздің үйді біреу өртеп кетті. Кім деп ойлайсың?

      – Шоңке, кім білген? Сіздің достарыңыз да, дұшпандарыңыз да көп қой.

      – Ол рас. Сонда бұл маңайда маған жамандық жасауы мүмкін кім деп ойлайсың? – Бұл сұрақты әдейі қойған еді. Өйткені, бір ауыздан бір ауызға жететін сөздер болады. Мына жігіт сондай сөздің бірін естіген шығар деп, әдейі білу үшін сұраған.

      – Кім


Скачать книгу