Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі
Читать онлайн книгу.ұйқыларын қандырып әрі қарай жүріп кеткен. Жол бойы желе жортып келе жатты. Жол бастап келе жатқан орыс айтқан, амандық болса екі күннен кейін Верныйға жетеміз деп. Мына болыстар келгенше сол болып қалды. Біз, жалпы, кешігіп шықтық. Кешке Верныйда болуымыз керек еді. Генерал-губернатор бізден бұрын келсе ренжіп жатқан болар. Содан тоқтаусыз жүріп, тек екі жерде ғана санаулы минут тоқтап, шөлдерін қандыруға Албандар үйлерінен қымыз ішкендері болмаса, тез жүріспен жүріп келе жатты. Тек ымырт жабылып, әбден түн болғанда кешегідей бір Албандардың үйіне келіп аттың басын тартқан еді. Шоңның байқағаны бұл жақтың қазақтары әлдеқайда бауырмал екен. Жандары қалмай бұлар да құлай күтті. Арада екі күн өтті. Келесі күні тағы ерте тұрып сәл жүрген соң түс ауа Алатау мұнартып көріне бастады. Жақындаған сайын тіптен алыстай берді. Тау басы аппақ қар екеніне көздері жетті. Тау басында шілде айында жатқан қарды көрген орта жүз қазақтары таң қалып келеді. Тауға өрлей жүріп ақыры бесіндіктен асқан шақта бұлар ағаштан салынған әдемі үйдің қасына келіп тоқтады.
Есік алдында бір топ казак-орыстар, бір генерал тұр екен. Карбышев елден бұрын аттан түсіп, тез барып генералға қол беріп амандасты. Екеуі біраз сөйлесіп қалды. Болыстар анадай жерде олардан бір сөз күткендей болып ат үстінде шоғырланып аулақтау тұрған. Біраздан соң Карбышев болыстар қасына келіп сөз бастаған еді:
– Неге тұрсыңдар. Аттан түсіңдер! – деді.
Бәрі аттан түскен еді. Болыстар барып, Карбышевтің айтуымен, генералға сәлем берді. Шоң генралдың тәкаппарлау екенін байқап қалған. Шоң орысша сөйлеп сәлем берді. Ол Шоңның орысша сөйлегеніне таң қалғандай қолын алды. Содан кейін сұрған:
– Сіз төресіз бе, әлде татарсыз ба?
– Жоқ, мен қазақпын!
– Сіз қалай, қазақ боласыз, түріңіз қазаққа ұқсамайды ғой.
– Біздің жақта тұратындардың бәрінің түрі маған ұқсас. Олар өздерін қазақпыз дейді.
– Оларыңыз қызық екен. Нағыз казак мына тұрған кісі. – Қасында тұрған казак-орысты көрсетті.
Шоң бұл жақта да саясатта да ешқандай өзгеріс жоқ екенін, мұнда жергілікті халықты киргиз деп атайтынына көзі жетті. Шоң әдейі сұрақ берді.
– Сонда бізді қалай атайсыз?
– Сіздер киргизсыздар!
– Ал Алатаудың оңтүстігінде жатқан халықты қалай атайсыздар?
– Олар да киргиздар, сіздер де киргизсыздар!
Шоң орыстардың өздерінен ат сұрап жатқанын біліп, жолай Карбышевтің Ағыбай балаларының үйіне қонғаннан кейін, ояздың сөздерінен соң, өзінде бір сенім пайда болған. Орыстардың қазақтарға көзқарасы өзгере бастағанын білген. Сол бойына жігер берді. Шоң өзін еркін сезініп, сұраған еді.
– Рас, оларды қырғыздар дейді. Біз қазақтармыз. Содан кейін Кенесары олармен соғысты ғой. Бір халық болса неге соғысады!
– Бұл арада ол адам туралы айтпаңыз. Ол – төре, Шыңғысхан тұқымы. Сіздер киргиздарсыздар, біздің оқымыстылар солай дейді. Оны ғылым жолымен дәлелдеген.
– Сізгерге