Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн книгу.

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева


Скачать книгу
қысқартуды талап етті. «Бюджет құрылымын жақсарту» жөніндегі Заңы 1976 жылы экономикаға 13 млрд марка, ал 1978 жылы – 33 млрд марка бөлуді ұйғарды. 1976 жылы бөлінген 13 млрд марканың 11 млрд маркасы әлеуметтік салаға берілді.

      70-жылдарда бірқатар капиталистік елдермен салыстырғанда ГФР-да жаппай ереуілдік қозғалыстар көп бола қойған жоқ. Бұл негізінен елдегі әлеуметтік саясаттың жетістіктерімен түсіндірілді. 1970–1978 жылдары ГФР-да жылына орташа есеппен 200 мыңға таяу жұмысшылар мен қызметшілердің жұмысты тоқтатуы болды. 70-жылдардың аяғына қарай жұмысшыларға өздерінің нақты жалақысын сақтау күннен күнге қиындай түсті және де ГФР тарихында алғаш рет ол төмендей бастады. Мемлекеттің ереуілдерге, жұмыссыздарға қарсы тұруы да күшейе бастады. 1980 жылдың маусым айында шыққан заң кәсіп иелерінің кәсіпорындарын жауып, жұмысшыларды көптеп жұмыстан шығаруға рұқсат берді. 1982 жылдың көктемінде бос жұмыс орындарын толтыру үшін жаңа тәртіп енгізілді. Біліктілікті анықтаудың бес сатысы белгіленді және ол қатаң тексерілді. Талаптарға жауап бере алмағандар басқа жұмыстар іздей бастады. Егер білікті жұмысшы жарты жыл ішінде өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмаса, ол жалақысы төмен жұмысқа автоматты түрде жіберілді. Егер бас тартатын болса, жұмыссыздық жәрдемақысы едәуір төмендетілді. Жұмыссыздық деңгейі осы жылдары еңбекке жарамды халықтың (1 млн адам) 4-4,5 пайызын құрады. 1982 жылы Шмидт үкіметі «жанұя және жастар» заңы бойынша бөлінген әлеуметтік шығынды 10,3 пайызға қысқартты. 1981 жылдың сәуір айында 2,5 млн темір өндірушілер қатысқан ереуіл болды. Бұл ереуіл осы жылдардағы ірі көтерілістердің бірі еді.

      Шмидт үкіметі сыртқы саяси бағытында француз президенті В. Жискар д' Эстенмен бірге еуропалық интеграциялық үрдістің дамуына көп үлес қосты. Олардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде еуропалық қаржы жүйесі құрылды. Франциямен жақсы қатынаста бола отырып, Шмидт ЕЭҚ-тың ауылшаруашылық саясаты мен Қоғамдастық бюджетін қаржыландыру тәртібін өзгертуге деген Ұлыбритания ниетіне байланысты қатаң позиция ұстанды. Сонымен қатар, Шмидт Бенилюкс елдерінің Еуропалық одақ жобасын («Тиндеманс жоспары») жасауын да қолдады. 1975 жылы ГФР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесі қабылдаған Хельсинки Қорытынды Актісіне қосылды. 1978 жылы Л. Брежнев Боннға ресми сапармен барып қайтса, 1980 жылы Мәскеуге ГФР үкіметі делегациясының келуі тарихтағы тұңғыш екі ел арасында ынтымақтастық туралы көпмерзімді келісімшарттың жасалуымен аяқталды. Сонымен қоса Шмидт үкіметі АҚШ-пен де жақсы қарым-қатынаста болуды көздеді.

      Шмидт халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөздерді бастау үшін бітістіруші ретінде болғысы келді. Батысгермандық дипломатия 1981 жылы Женевадағы кеңес-америкалық келіссөздерінің бастамасын қолдады. Шмидт үкіметі 70-жылдардың ІІ жартысы бойына мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтай алды. 1976 жылы және 1980 жылы өткен парламенттік сайлаулар социал-либерал коалициясының жеңісімен аяқталды. ГСДП ең танымал партия болып қала берді. Оның төрағалық қызметін бұрынғыша


Скачать книгу