Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн книгу.күштің» жеңісінен кейін Германияның бірігу мүмкіндігін мәлімдеді. 1981 жылы Хонеккер мен Шмидт кездесуінде Еуропалық құрлықта қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ГФР мен ГДР-дің «ортақ жауапкершілік» формуласы жасалды.
Бонн шығысгермандық басшылықтың жаңа бағытын түсіне білді. Г. Коль ГДР-ға экономикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырғысы келді. 1983–1984 жылдары 1,9 млрд маркаға тең несие беру жөнінде келісім жасалды. Екі елдің зиялы қауымдары мен жоғары оқу орындары арасында тікелей байланыс орнатылды. 1987 жылы алғаш рет тарихта ГДР басшысының Боннға сапары болды. Бұл сапардың «саяси сипатына» қарамастан, ГФР үкіметі шетел басшылары сапарларының салтанатты рәсімдерінің барлық рәміздерін сақтауға тырысты. 1989 жылдың 9 қарашасында ГДР-да Германия тарихында орын алған елеулі оқиға – 1961 жылдан бері Германияны ғана емес, бүкіл Еуропаны екіге бөлген Берлин қабырғасы құлатылды. 1990 жылдың 18 наурызында тұңғыш рет 40 жыл ішінде ГДР тарихында еркін сайлау өткен болатын. Сайлау барысында шығысгермандық ХДО төрағасы Л. Де Мезьер жеңіске жетті. 1990 жылдың шілде айында М. С. Горбачев пен Г.Коль арасындағы келіссөздерден кейін Германияның бірігу мүмкіндігі туды.
1990 жылы 12 қыркүйекте Мәскеу қаласында «екі қосу төрт» келісіміне қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес бірігу «2+4», яғни 2 герман мемлекеті мен екінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаз атанған 4 ірі мемлекет – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, формуласы бойынша жүзеге асуы тиіс еді. Британдық және француз басшылығының ұстамды позициясына қарамастан, оның мүшелері неміс халқының өзін-өзі басқару құқығын мойындады. КСРО президенті М. Горбачевтың ГДР-дан кеңес әскерін шығаруды тездету жөнінде шешім қабылдауы өте маңызды рөл атқарды.
1990 жылы 12 қарашада келіссөзге қатысушылар «2+4» формуласымен соғыстан кейінгі Германияның құқықтық мәртебесін айқындаған «Германияға қатысты соңғы реттеу туралы келісімшартқа» қол қойылды. Германияның соғыстан кейінгі аумақтарының мызғымастығы, ГФР-дың жаппай қырып-жою қаруын иелену мен шығаруға тыйым салу жөнінде айтылды. Келісімшартқа сәйкес Германия өз әскери күштерін келісілген талапқа дейін қысқарту және барлық талаптарды орындауы керек болды. 1994 жылға дейін Шығыс Германия аумағындағы кеңес әскерінің қалуы мен оларды шығару тәртібі де реттелді.
Екі неміс мемлекетінің бірігуінің халықаралық мәселелерін реттеуге дейін-ақ екі елдің интеграциялық үрдісі басталып кетті. 1990 жылдың мамыр айында ГДР мен ГФР үкіметтері экономикалық, валюталық және әлеуметтік одақтастық туралы келісімшартты бекітіп, ол 1 шілдеде өз күшіне енді. 22 тамызда ГДР Халық палатасы ГФР сайлау құқығының негізінде жалпы германдық сайлауды өткізу жөніндегі заңды қабылдады. 31 тамызда ГФР-дің негізгі заңының 23-бабына сәйкес 1990 жылдың 3 қазанында Германияны біріктіру жөнінде келісімге қол қойылды. Яғни бұл ГДР-дің мемлекеттік құрылымының жойылуын, оның құрамындағы өлкелердің ГФР-ға қосылуы, оның аумағында Батыс Германия заңдары күшінің таралуын білдірді. 1990 жылдың 3 қазан күні ГДР атты мемлекет