Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.бейбіт келісімінің 170-бабын бұзғандық еді. Гитлершілдерге ағылшын алпауыттары да үлкен белсенді көмек көрсетті. Ағылшын-америкалық көмек пен соғысқа бағытталған экономиканың кейбір даму көрсеткіштері жағынан Германия Еуропаның капиталистік елдерін қуып жетіп қана қоймай, алға озып шықты. Мысалы, Германиядағы көмір шығару 1935 жылы 143 мың т. болса, Францияда 46 мың т. болды. Германия 16 096 мың т. қалайы өндірсе, Францияда бар жоғы – 6 277 мың т. құрады. Осындай мысалдар көп болды. Германияда1934 жылы 840 әскери және 1128 азаматтық ұшақтар болса, 1939 жылдары әскери ұшақтар саны 4733, азаматтық ұшақтар саны 3562 жетті.Ауыр индустрияның өсуімен қатар герман экспортының көлемі өсті. 1938 жылы Германия Англияны қуып жетті. Экспорттан түскен табысқа стратегиялық шикізат алуға жұмсалып, жыл сайынғы қару-жарақ экспорты ұлғайды. Олар өздерінің алдына сыртқы нарықта Англия, Франция, АҚШ, Жапония және Италия мемлекеттерімен тең бәсекеге түсетін дәрежеге жетуді мақсат етіп қойды. Егер 1932–1933 жылдары негізгі капиталға 2,78 пайыз қосылса, 1938–1939 жылдары 5,23 пайызға өскен. Аз уақыт ішінде концерн 177 зауытты, 69 тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындарын, 156 сауда-саттық компанияларын, 46 көлік кәсіпорындарын, 15 құрылыс фирмаларын біріктірді. Гитлер көптеген баспаларды үкіметтің бақылауына алды. Жұмысшылардың жағдайы нашарлай түсті. Оған еңбек жалақыларының төмендеуі, тұтынатын заттардың бағасының өсуі және салық мөлшерінің көбеюі әсер етті. 1939 жылы азық-түліктің бағасы 122,8 пайызға өсті. Осындай көптеген қымбатшылықтар белең алды. Дегенмен елдегі еңбек жүйесі мен машина өндірісінің көлемінің өсуі жұмысшылардың жұмыссыз қалмауын «қамтамасыз» етіп отырды.
Жыл сайын кәсіпорындардағы жұмысшылардың құқықтық жағдайы қиындай берді. Гестапо, қорғау бөлімшелері, зауыт полицейлері жұмысшылардың әр қадамын бақылап, фашизмге қарсыларды, кәсіпорындардағы тәртіпті сынағандарды аяусыз жазалап отырды. Жұмысшылардың жағдайы қандай болса, қолөнершілердің де, ұсақ буржуазияның да жағдайы солай болды. 1936–1937 жылдары қолөнер кәсіпорындары 90 мыңға қысқартылған. Гитлер ауыл шаруашылығында «мұрагерлік қожалықтар туралы» заң қабылдады. «Мұрагерлік жер» жанұяда әкеден үлкен ұлына қалып отырды, ол жерлерге салық төленбеді. Шаруалар тек фашистік мемлекет бекіткен өнім түрін еге алды, өз беттерінше малдарын соя алмады. Елге карточкалық жүйе енгізілді. Бұл шаруалардың онсыз да қиын жағдайын тереңдетті. Билік бекіткен тәртіпке қарсы шыққан шаруалар аяусыз жазаланды.
Осы кезеңдегі Германияның сыртқы саясаты басқыншылық саясатқа негізделді. 1933 жылы «Гитлерлік жастар» ұйымы құрылып, оны нацист Больфур фон Ширах басқарды. Оған фашистік тәртіпке сай жастарды тәрбиелеу шарты қойылған болатын. 1939 жылы он жастан асқан жастар саны 7,2 млн адамды қамтыды. Гитлердің мақсаты революциялық күштерді талқандау болды. 1933–1938 жылдар аралығында 150 мың коммунист тұтқындалып, көбі дарға асылған болатын. Өйткені фашистік билікке қарсы коммунистер, қатардағы социал-демократтар газеттер мен үндеухаттар таратты, көрнекті жерлерге плакаттар мен ұрандарды