Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова
Читать онлайн книгу.шын мәнінде қабылдағаны жеткілікті.
Заң шығарушылар қорқытып алушылықтың нышандар құрамын формальды түрде құрастырған. Ол тиісті қауіп төндіре отырып қылмыс затын беруді талап ету сәтінен бастап аяқталған болып табылады.
Кез-келген жасы 14-ке толған жауапқа қабілетті тұлға қорқытып алушылықтың субъектісі болып табылады.
Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұғымы мен нысандарына жасалған талдау қысқа болғанымен де, қорқытып алушылықтың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге жатқызылуы қаншалықты заңға сәйкес деген мәселені қоюға негіз болып отыр. Белоруссия қылмыстық заңнамасында бұл мәселе бір мағынада шешілген: қорқытып алушылық – бұл бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны. Алайда бұл күмән тудырып отыр. Қорқытып алушылық кезінде мүлік жәбірленушінің еркінен қарсы алынбайды [21]. Ол өзі тиісті қауіп төндіріп отырғанымен де, өз еркімен мүлкін айыптыға береді. Бұл кездейсоқ емес, сондықтан Ресей авторларының еңбектерінде осы мәселе бойынша ортақ пікір жоқ. Авторлардың кейбіреулері қорқытып алушылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны емес, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен ұштаспайтын меншікке қарсы қылмыс болып табылады деген пікір білдіреді. Бұл жағдайда олар ұрлық пен басқа формаларға қарағанда, қорқытып алушылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны болып табылады деген анықтама шынында да берілмеген Ресей Федерациясының ҚК-не жүгінеді. Басқа авторлардың пікірлері қарама-қайшы. Олар қорқытып алушылықты бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің бір нысаны ретінде қарастыру керек деген пікір айтады. Ал, біздің ойымызша бірінші авторлар тобының пікірі дұрысырақ деген қорытындыға келдік.
ҚК-тің 182 бабы бойынша, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері байқалмайтын алдау, сенімін теріс пайдалану немесе компьютерлік ақпаратты жаңғырту нәтижесінде мүліктік пайда алу арқылы едәуір мөлшерде зиян келтіру қылмыстық әрекет болып саналады.
Алаяқтыққа қарағанда, аталған қылмысты жасау кезінде жәбірленушіге зиян қолма-қол мүлікті алу арқылы емес, айыптының өз пайдасына оған келіп түсуі тиіс болған мүлікті айналдыруы арқылы келтіріледі. Мұндай зиян алуан түрлі алдау әрекеттерін жасаудың нәтижесінде келтірілуі мүмкін. Қарастырылып жатқан қылмыс объективті жағынан үш нысанда байқалады.
Бірінші нысаны нәтижесінде айыпты нақты материалдық зиян келтіретін жәбірленушіні алдап-арбауды білдіреді. Жәбірленушіге мұндай зиян оның табыстарын толық алмауының немесе айыптыға көрсетілген нақты қызметтерінің нәтижесінде келтірілуі мүмкін. Мысалы, мемлекеттік баж мөлшерін азайту мақсатымен жылжымайтын мүлікті сату-сатып алуды тіркеу кезінде нотариалдық органдарды алдау, көлікте жүру үшін жасанды жол билеттерін қолдану, жәбірленушінің телефон желісіне заңсыз қосылу және оны халықаралық сөйлесу үшін қолдану, жасанды құжаттарды ұсыну нәтижесінде коммуналды қызметтер үшін ақы төлеуден, бас тартқаны үшін дербес жауапкершілік қарастырылған салықтар мен кеден