Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова

Читать онлайн книгу.

Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық - Гүлзағира Атаханова


Скачать книгу
жақын адамдарының пайдасына айналдыру бойынша әрекеттері сенімді теріс пайдаланып мүліктік зиян келтіру деп бағаланады, себебі мүлік кәсіпорынның қорына әлі түсіп үлгерген жоқ. Халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерінің кәсіпорынның шикізаты мен материалдарын қолданып клиенттерден прейскурант бойынша жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін алған ақшалай қаражаттарын иеленуі қолданылған шикізаттар мен материалдардың құны мөлшерінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу және бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ мүліктік зиян келтіру ретінде бағалануы тиіс. Кәсіпорынның шикізаттары мен материалдары қолданылмаған жағдайларда жасалған әрекет ҚК-тің 214 бабы бойынша бағаланады.

      Айтылғандарды қорытындылай келе, қасақана ниетпен пайдакүнемдік мақсатпен жасалатын қоғамға қауіпті, мүлікке қарсы бағытталған пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстарды айтамыз.

      Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену. ҚК-тің 185 бабы көлік құралын немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иеленуді және оны бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсусіз айдауды қылмыстық әрекет деп таниды.

      Көлік құралдарын немесе өзге де көлік құралдарын заңсыз иелену ҚК-тің алтыншы тарауында қарастырылған барлық қылмыстар сияқты бір объектіге – меншік қатынастарына қол сұғылады. Алайда аталған қылмыс тағы бір объектіге – көлік қозғалысының және оны пайдаланудың қауіпсіздігіне қастандық жасайды.

      ҚК-тің алтыншы тарауында қарастырылған басқа қылмыстарға қарағанда, көлік құралдарын немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкетудің өзіндік ерекше қастандық жасау заты бар: 1) көлік құралы; 2) өзге де көлік құралдары. Өзге де көлік құралдарына тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздігінен жүретін машиналар (жол, құрылыс немесе ауылшаруашылық машиналары), басқа механикалық көлік құралдары (комбайн, автогрейдер, асфальт төсегіш) деп түсініледі.Темір жол, әуе немесе су көлігі (шағын су кемесі, моторлы қайық, байдарка, яхтадан басқалары) осы көрсетілген қылмыс құралының заты болып табылмайды, аталған көлік құралдары басқа арнаулы қылмыс құрамының заты ретінде саналады (295-бап). Бұл жағдайда көлік құралы бөтен болу керек. Айдап әкетушінің оны иелену немесе пайдалану құқығы болмау керек. Сондықтан оттұлғаның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз бетінше көлік құралын пайдаланып отырған және бұрын оны пайдалануға мүмкіндік берілген отбасы мүшесінің әрекеттерінде қылмыстық нышандар құрамы жоқ. Еңбек қатынастарына байланысты көлік құралы бекітілген тұлғаның әрекеттерінде де қылмыстық нышандары жоқ деп саналады.

      ҚК 295 бабының ескертпесіне сәйкес, жолдармен қозғалуға және жолаушыларды, жүктерді немесе оған орнатылған құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған механикалық көлік құралы, сондай-ақ өздігінен жүретін машина көлік құралдары болып табылады.

      Айта кететін жайт, қарастырылып отырылған 185 баптағы қылмыс құрамының заты болып өздігінен жүретін, моторлы


Скачать книгу