Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
халықаралық қатынастар жүйесінде “қырғи-қабақ соғыс“ кезеңінің басты ерекшеліктерінің бірі әскери саладағы басымшылық көп жағдайда мемлекеттердің стратегиясын айқындай отырып, экономикалық жағына бақылау жасай алды. Соған қарамастан бүкіләлемдік қоғамдастықтың даму жолында көп жағдайда экономикалық ақиқат өз ықпалын тигізе алды. Нақтылай айтқанда, мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясында алдыңғы орында экономикалық дамуға басым көңіл бөлінетіні белгілі. Соның ішінде, өзара байланыстылықтық және әлемдік үрдістердің өзара тәуелділігінің ұлғаюы, мемлекеттердің ұлттық мүддесі мен экономикалық саясатына әсер етуі өсе түсті. Сондай-ақ көлемді экономикалық жүйенің қалыптасу үрдісінің күш ала бастауы елдегі ұлттық экономиканың дамуында шешуші қозғаушы күшке айналып, Еуропаның қауіпсіздігі жолында француз-батысгерман қатынасының жаңа арнада дамуына итермеледі.

      ІІ ТАРАУ

      ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ҰСТАНЫМДАРЫ

(ХХ ғ. 40-жылдардың аяғы – 60-жылдардың басы)

      1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі еуропалық қауіпсіздік және саяси ынтымақтастық мәселелеріндегі Франция мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қарым-қатынастар

      Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда еуропалық мемлекеттер құрылықтағы қауіпсіздік мәселесіне өте зор көңіл бөлді. Еуропадағы соғыс өртіне кінәлі Германия толығымен талқандалғанымен, еуропалық мемлекеттер тарапынан алаңдаушылық та байқалып жатты. Саяси өмірде еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті еді. Қауіпсіздік мәселесін біріге отырып шешудегі алғашқы қадам, 1947 жылғы Францияның Англиямен өзара көмек жөнінде “Дюнкер келісім шартына” қол қоюы, шын мәнінде сол жылдары одақтас мемлекеттер тарапынан басып алынған Германияға қарсы бағытталған еді.

      Топтық көлемде, келешек еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени қатынастарды дамыту мақсатында бес батысеуропалық мемлекеттер, 1948 жылдың 17 наурызында Батыс одағының негізін қалаған Брюссель пактісіне қол қояды [39, с.132]. Ұлыбритания, Франция, Бельгия Люксембург және Нидерланды қол қойған он баптан тұратын бұл халықаралық пактінің толық атауы: ”Әлеуметтік-экономикалық, мәдени ынтымақтастық және топтық түрдегі өзін-өзі қорғау жөніндегі келісім шарт”. Сол жылдардағы халықаралық алаңдағы социалистік жүйе мен капиталистік жүйе арасындағы “қырғи-қабақ соғысының” кең етек ала бастауына орай, бұл келісім шарт тікелей Кеңестер одағына бағытталған деп айтып келді. Шын мәнінде де батыс еуропалық мемлекеттер үшін басты “басқыншы мемлекет” Кеңестер одағы деп есептелінгенімен, келісім шарттың кіріспе бөліміндегі тармақта: “Германияның басқыншылық саясаты қайта қалыптасқан жағдайда, қажетті деп есептелінетін шаралар жасалынуы мүмкін”, – деп атап өткен [39, с.132]. Осы келісім шартқа келген мемлекеттердің


Скачать книгу