Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.қабілеттігі арқасында Францияның осы соғыста бейтараптық күйде болуын қамтамасыз ету үшін, ІІІ Наполеонға Бельгия мен Люксембург үлесі есебінен аумақтық жер бөлуге уәде берген болатын. Тек Пруссия мен Австрия арасындағы соғыс кең етек алып, Пруссияның үстемдігі басым бола бастағанда, Франция өзінің көздеген мүддесін, қалыптасқан жағдай негізінде өзіне әлде қайда тиімді пайдалану үшін Бисмаркқа жаңа шарт қояды. Бұл Франция мен Германия арасындағы қатынастың өте күрделі беттерінің бірі – Саар көмір бассейнін беруді талап етеді. Әрине, бұған Бисмарктың келісуі мүмкін емес еді. Бисмарк өз естелігінде осы сәтті былай жазады: “…егер француздар соғысқа араласатын болса, онда бізге тез арада Австриямен орташа бітімге келіп… Францияға соғыс ашу керек. …Францияға қарсы соғыс бізге жеңіл түспейтіндігіне көзіміз жеткенімен…француздық шабуыл жасайтын әскери күш те шамалы… тек өз жерінде қорғанысқа көшкенде… оларда басымдылық болып, соғыс көпке созылып кету қаупі бар“ [14, с.33-34]. Мұның өзі сол кезеңде, әлі германдық мемлекеттер бірікпей жатып-ақ, өздерінің мемлекеттік мүдделері үшін соғысқа негіз барын көруге болады. Түбінде екі ел арасындағы соғыстың болуы сөзсіз екендігін көрсетеді. Осы жолы француз-герман қақтығысы дипломатиялық жолмен шешілсе де, екі ел де басынан көздеген мүдделеріне толық жете алмады. Австрия-прусс соғысы нәтижесінде, Герман одағы таратылады. Оның орнына Солтүстік-Герман одағы пайда болып, федералды канцлер болған Бисмарк, Майнның солтүстігінде жатқан барлық герман мемлекеттерін біріктіреді [15, s.300-301].
Ендігі жерде Бисмарк бүкіл қызметін кішігерман жоспары бойынша герман бірлігін аяқтауға ат салысқаны аян. Өйткені ол француздардың араласуының нәтижесінде Майнның оң жағындағы герман мемлекеттерін біріктіруге мүмкіндігі болмады.
Франция мен Германияның арасындағы Еуропадағы үстемдікке таластың ашық сипат алған кезеңі де осы уақытқа сай келеді. Олардың саяси ұстаған бағыттарына негізгі әсер еткен жағдай, олардың ішкі дамуы, әсіресе экономикалық тұрғыдан алға жылжуы. Сол сәттегі әлемдік экономикалық дағдарыс, Францияға кері әсерін тигізіп, оны өте қиын жағдайға тап қылса, керісінше Пруссия бұл кезеңде Францияға қарағанда әлде қайда мықты болды. Франция үшін 60-шы жылдардың аяғы қуаңшылық жылдарға әкелді, өнеркәсіп, сауда өнімділігі төмен болды, өнеркәсіптік пайда нашарлап кетті, соның салдарынан еңбек ақы да төмен түсті, ақша нарқы бұзылды, Француз банкінің қызметі қысқартылып, ақция құны құлдырады. Ал немістің металл өндірісі француз деңгейімен тең келді, тас көмір өндіруде алға кетіп, өнеркәсіп үшін негізгі көмір жеткізетіндердің біріне айналды. Француздармен салыстырғанда неміс саудасы тез жетіліп, қауіпті бақталасқа айналды. Әскери қарулы күштер саласында Пруссия бір жүйеге топтастырылған әскер құруға бар күш-жігерлерін жұмсаса, француздар жағынан ондай белсенділік байқалмады. Сол кезгі ел басындағы ІІІ Наполеон әскер мәселесінде де қажетті қабілеттілік таныта алмады. Сыртқы саясаттағы