Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
кезеңдегі дипломат жақсы жалпы гуманитарлық білімге ие, тарих саласында, оның ішінде халықаралық қатынастар мен дипломатияны, философияны, экономикалық теорияны, жағрапияны, елтанушылықты, құқықтануды (халықаралық құқық, дипломатиялық және консулдық құқықты) терең меңгерген, сонымен бірге діни ілімдерді, дипломатиялық протокол мен этикетті зерделеген тұлға болуы қажет.

      Міндетті шарттар – кәсіби шеберлігін тиімді пайдаланудың құралы ретінде бірнеше шет тілдерін меңгеру. Заманауи дипломат өз білімдарлығын келесі қызметтерде: саяси есептерді, саяси хаттарды дайындау барысында, ақпараттық, ғылыми, мәдени, консулдық және қызметкерлер жөнінде есеп беру саласында, мәселелік анықтама, шартты белгілермен жазылатын жеделхаттар жобасын дайындауда, шетелдік қайраткерге қатысты саяси мінездеме жазуда, күнделік пен дипломатиялық сұхбат жазбасын ресімдеуде; дипломатиялық немесе басқадай хат жазысуды шет тіліне аударуда, тілмаштық қызметті жүргізуде; шетелдік баспасөзге шолу дайындауда, қажетті мәселелер бойынша кітаптар мен әртүрлі басылымдарға түйіндеме жаза білуде; күнделікті және болашақтағы мәселелер бойынша жұмыс жоспарын құрастыруда; ақпараттық және насихаттық қызметтерге қатысуда, оның ішінде радиода, телеарнада және баспасөз беттерінде, шетелдік тыңдаушылар алдында дәріс оқуда; баспасөз мәжілістерін жүргізуде және сұхбат беруде; «дөңгелек үстелдер» мен пікір-сайыстар ұйымдастыруда, қоғамдық-саяси еңбектерді тарату және баспасөз-түйіндеулерін дайындауда; келетін өкілдермен жұмыс жасауда, яғни олар үшін жадынама, сөйлеу мәтіндерінің жобаларын және басқа да құжаттар дайындауда, келіссөздеріне және кеңес берулерге қатысуда, олармен ілесіп жүруде және тілмашпен қамтамасыз етуде; қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемесімен және билік органымен байланыс орнатуда, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынастарды қалыптастыруда, осы байланыстарды нығайту және қолдау көрсетуде, оның ішінде қабылдаушы елдің басшылығына, қоғамдық және басқа да жетекшілігіне қажетті ақпаратты жеткізе білуде; жергілікті биліктің құқықтық әрекеттерін бақылауда, екіжақты шарттар мен келісімдердің орындалуын қадағалауда, өкілдік қызметкерлерінің қабылдаушы елдің заңнамалары мен салт-дәстүрін қадірлеуін, сонымен бірге протокол мен этикет ережелерін қатаң сақтауын талап етуде көрсете білуі тиіс.

      Дипломатиялық қызметте саяси мәселелермен қоса бірқатар әкімшілік және техникалық мәселелер жиынтығы да аса маңызды болып табылады. Олардың ішінде: дипломатиялық қабылдауларды ұйымдастыру, дипломатиялық шабармандарды және олардың жүктерін күтіп алу және шығарып салу; факс, телекс немесе телетайп байланыстары арқылы түсіп жататын ақпараттарды саралау; шетелдік өкілдермен, жеке тұлғалармен хат жазысу және орталықпен қызметтік хат алмасуды жүргізу; еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру қағидаларына орай жаңа электронды және т.б. техникаларды қабылдау және игеру; кәсіби біліктілік деңгейін


Скачать книгу