Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
қағидасы әлдеқайда икемді, жұмсақ түрге ие болады. Яғни шартты-келісімді сөйлемдерге «егер» сөзінен бастауы қарсы тараптармен қоса өздеріне де қатысты екендікті білдіреді.

      Міндеттеу сөздерін пайдаланудың екінші қауіптілігі талап еткендік болып қабылдану мүмкіндігі. Ал талап етушілік – егер құжат қандай да бір төтенше жағдайға қатысты болмаса, шын мәнінде, талап ету емес болса, онда бұл пайдасыз, қайта зиянды болып табылады.

      Дипломатиялық құжаттардағы қарапайымдылық түрін құптайтын Х.Вильднердің өзі де мұқияттылықты талап етеді. Дегенмен, құжаттың басым көпшілікке түсінікті болуын ешкім де жоққа шығармайды. Қысқа түсініктер мен қарапайымдылық көп жағдайда бірдейлікті білдірмейді. Дипломатиялық құжаттардағы қысқа сөздер, немесе ұзақ сөздер не жетіспеушіліктің не құндылығының белгісі емес, ең бастысы, мағынасыз сөздердің, бос сөздер мен сөйлемдердің болмағаны дұрыс. Мәтінге ешбір қосымша мазмұн, мағына бермейтін сөздерді сөйлемге қыстырудың қажеттігі жоқ. Ең маңыздысы – белгіленген мазмұнды нақты ашу.

      Толыққанды дипломатиялық құжаттардың тілдік және стилистикалық құрылымы құжат бағытталған тараптарға деген сенімділік туғызатындай, олардың дұрыс шешім қабылдау қабілеттілігіне түрткі болатындай сипатта құрылады. «Күрделі мәселелерге қарапайым шешімнің» болмайтындығын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, халықаралық алаңда болып жатқан дүниені ой елегінен өткізуге ұмтылуына дипломатиялық құжаттың құрамындағы нақтылы дәйектер мен дәлелдердің негізінде түрткі болу үшін дипломатиялық тілге талғампаздықпен қарап, шетелдік оқырманға деген әдептілікті жоғары деңгейге жеткізу қажет.

      Өйткені Сыртқы істер министрлігінің қызметі сан қырлы әрі күрделі жұмыс болғандықтан, ол – тындырымды зерделік пен зиялылықты қажет етеді. Бүгінгі Қазақ елі әлем елдерінің бір қатарымен тұрақты қарым-қатынастар орнатып, сан алуан салада халықаралық келісімдер мен шарттарға отыруда. Әрине еліміз тәуелсіздігін жариялай салып халықаралық қатынастарды ұлттық тілде жүргізуге шамасы келмеді. Өйткені еліміздің дипломатия саласында ұлттық тілін терең меңгерген мамандар жоқтың қасы болды. Сол себепті тәуелсіз Қазақстанның әлеммен байланысы орыс тілінде жүргізілді. Соңғы кездегі қазақ тілінің өрісін кеңейту саясаты дипломатия саласын да қамти бастады. Өйткені тіл – қашанда мемлекет тірегі, ұлттың ұлт болуының басты белгілерінің бірі.

      Яғни еліміздің дипломатиялық саласында қазақ тілін терең меңгеру бүгінгі күннің қажеттілігіне айналуда. Әрине, бұл бағытта әлі де қатаң саясат ұстанған дұрыс болар еді. Сонда ғана дипломатия саласында ұлттық намысымыз бен сезіміміз асқақ болары айқын. Билік тармақтарында ұлттық тілде ресми құжаттар дайындауда кездесетін келеңсіздік пен жанайқай тумас еді. Жоғалуға шақ қалған асылымызды қайта жинау жеңіл бола қоймайды. Әрбір мәлімет қазақша ойлау жүйесінің жемісі ретінде, тілдік ерекшеліктерді сақтай отырып, түпнұсқа күйінде дүниеге келгенде


Скачать книгу