Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.жиназы.
– Чжоу (Гунь) билігінің орнауы және оның ілімінің маңызы.
– Мандат туралы идея. 546 жылзы конференция және оның маңызы.
– Цинь және Хань әулеттерінің дипломатиясы.
– «Әлемнің бірінші әміршісі» император Чжен және феодалдарды біріктіруі.
– У-ди дипломатиясы және оның маңызы.
– Чжань Цань және оның дипломатиялық қызметі.
– Қытайдың Парфиямен елшіліктер алмасуы.
Шығыс Азиядағы құлиеленуші мемлекеттің алғашқысы Хуанхэ өзенінің бойында біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта пайда болған. Уақыт өте келе Инь-Шан үлкен патшалыққа айналған. Кейіннен бұл мемлекет көптеген жеке ұсақ құлиеленуші мемлекетке бөлінеді. Оның ішінде Ци, Чу, Цинь, Сун, Цзинь сияқты патшалықтар да болды.
Осы аймақта пайда болған ұсақ мемлекеттер бір-бірімен кейде қақтығысып, кейде татуласып одақтас та болып келді. Бұл қатынастар негізінен достық келіссөздер өткізу арқылы жүзеге асатын. Ол тығыз экономикалық, саяси және мәдени қатынастарды нығайтатын. Бұл мәліметтер ежелде пайда болған қытайлық жазбаларда (иероглиф) көрсетілген. Сол себепті көне заманнан бері қытайлық шежірешілер ел аумағында болып жатқан саяси, тарихи мәліметтерді сол кезде кең тараған сүйек, бамбук тақтайшаларына, кейіннен жібек маталарына, қағаздарға жазып қалдырған. Сондай жазбаларда ұсақталған ежелгі қытайлық мемлекеттерге азиялық аймақтан көшпелі тайпалар шабуыл жасап, тонап кететін дейді. Ондай тайпаны қытайлықтар «сюн-ну» немесе «хун-ну» (ғұндар) деп атаған. Ғұндар – қытайлықтармен көршілес болған елдердің ішіндегі ең басты дұшпаны болыпты.
2-сурет. Б.з.б. ХІІ-VІ ғасырлардағы ежелгі қытайлық патшалықтар
Осындай шапқыншылықтардан өз мемлекетгерін сақтап қалу үшін ежелгі қытайлық мемлекеттердің билеушілері одақтастыққа ұмтылды. Солардың бірі Чжэн бүкіл бақталастарын жеңіп, жеке шексіз билікті құлиеленуші ежелгі Қытай мемлекетінің негізін қалады. Өз қол астына Хуанхэ, Янцзы өзенінің ағысындағы Қытай аумағының орталық бөлігін біріктіріп, Цинь-ши Хуан ди (Циннің ұлы сары патшасы) атағына ие болып, маңайындағы тайпа мен елді мекенді өз иелігіне қосу үшін көптеген шапқыншылық жасаған болатын.
Сол кезеңнің өзінде патшалықтар арасында туындаған шиеленісті мәселелерді шешу мақсатында елшілер жасақталды. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ-У ғасырларда ғұн мен қытайлықтар арасындағы қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу талпыныстары да болған. Олар өзара шабуыл жасаспау мақсатында бірнеше келісімшарттарға келген. Дегенмен, бұл келісімшарттар берік болмаған. Сол себепті көршілес елдердің шапқыншылығынан қорғану мақсатында Қытайдың ұлы қорғаны б.з.д. ІІІ ғасырда Цинь Ши-хуанди дәуірінде басталып, 1644 жылға дейін салынды. Оның жалпы ұзындығы 8851 км 800 м құрайды. Қытайдың ұлы қорғаны Шығыстан Батысқа созылған. Ол Шаньхайгуань қаласынан басталып Ляодун шығанағының жағалауымен Цзякойгуань (Ганьсу провинциясы) аумағына дейін жетеді.
Цинь-ши Хуан