Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Дипломатия тарихы - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
жасасуға итермеледі. Бітімге келу және достық келісім жасасу хет патшалығы тарапынан ұсынылады. Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Хаттушил болашақ келісімнің жобасын күміс тақтайшаға жазғызып Рамзеске жібереді.

      Құжатты куәландыру мақсатында тақтайшаның алдыңғы бетінде найзағай мен жел құдайы Тешубтың қасында тұрған патшаның бейнесі, ал екінші жағында күн құдайы Ариннаның қасында патшайымның суреті салынған.

      II Рамзес хет патшасы ұсынған бітім шартын қабылдайды, өзінің келіскендігін білдіру үшін III Хаттушилге келісімнің мәтіні жазылған басқа күміс тақтайшаны жібереді. Келісімнің екі түпнұсқасына да мемлекеттік мөр басылып, патшалардың қолы қойылған.

      Осылай б.з.д. 1278 жылы египеттік перғауын II Рамзес пен хеттер патшасы III Хаттушил арасында келісімшарт жасалынады.

      Келісімнің үш жазылымы сақталынған, екеуі – египеттік басылым, біреуі хеттік басылым, Богаз-Кеёде ашылған. Келісімнің мәтінімен қоса келісімге келу жағдайы жазылған құжаттар да сақталынған.

      Келісім:

      1) кіріспе;

      2) мәтіннің келісілген баптары;

      3) қорытынды – құдайға тәубә ету, ант беру және келісімді бұзғандарға қарғыс жариялау сияқты үш бөлімге бөлінген.

      Келісімнің кіріспе бөлімінде ғасырлар бойы хеттер мен египеттіктер жаулық қатынаста болмағандығы айтылады. Олардың арасындағы қатынастардың бұзылуына Египеттің ұлы патшасы Рамзеспен соғысқан Хаттушилдің ағасынының патшалығы кезі кінәлі екен. «Тамаша келісімге» қол қойған күннен бастап патшалықтар арасында мәңгілік бейбітшілік, достық және ағайындық орнайтындығы айтылады.

      «Мен Хет патшасы болғаннан бастап және Египеттің ұлы патшасы Рамзеспен бейбітшілік пен бауырластық қатынастамыз. Бұл жер бетінде болған ең тамаша бейбітшілік пен достық болып табылады» делінген.

      «Хеттердің Ұлы патшасы мен Египеттің Ұлы патшасы Рамзестің балалары арасында да ең тамаша бейбітшілік пен достық болсын. Египет пен Хеттер елі бізге ұқсап барлық кезеңде бейбітшілік пен достықта болсын».

      Хетт патшалығы мен Египет арасындағы келісімшарттың негізгі мәнінде:

      – екі ел арасында әскери одақ құру белгіленген;

      – елдің ішкі мәселесінде де әскери көмек көрсету мәселесі қарастырылған.

      Келісімшартта: «Рамзес иеліктеріне қарсы қандай да бір дұшпан пайда болса, онда Рамзес Хеттердің ұлы патшасына: дұшпанға қарсы өзіңнің барлық күш-қуатыңмен бірге жүр десе болды», – деп жазылған. Келісімшартта тек сыртқы жауға ғана емес, сонымен бірге ішкі жауға қарсы да қолдау көрсету мәселесі талқыланған. Одақтастар өз иеліктеріндегі өңірде көтеріліс және дүрбелең шыққан жағдайда да бір-біріне жәрдемдесуге кепілдік береді. Өйткені азиялық өңірде, әсіресе, сириялық-палестиналық аумақтарда соғыс әрекеттері, көтерілістер мен тонаушылық ісқимылдары толастамаған еді. Соған қатысты шартта: «Егер Рамзестің құлдары (азиялық иеліктерінде) көтеріліс шығаратын болса, онда оларды басып-жаншуда


Скачать книгу