Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн книгу.Республикасының өкілетті өкілдігін (елшілігін) ашу туралы, Германия Федеративтік Республикасында, Француз Республикасында, Иран Ислам Республикасында, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасында, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия Республикасында, Қырғыз Республикасында, Түрікменстан Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан Республикасының елшіліктерін ашу туралы» Жарлықтарға қол қойды.
19 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Армения Президенті Левон Тер-Петросянмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
29-31 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында өткен Әлемдік экономикалық форумның жұмысына қатысты.
1-2 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен Бельгия корольдігіне барды. Сапар барысында Бельгия Президенті Бодуэнмен, премьер-министрі Жан-Люк Деанмен, сонымен қатар НАТО-ның Бас хатшысы Манфред Вернермен кездесті.
2-3 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Австрияға ресми сапары басталды. Федералды канцлер Франц Враницпен келіссөз өткізді.
13-16 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Египет Араб Республикасына ресми сапары басталды. Сапар барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев және Египет Президенті Хосни Мубарак арасында келіссөз жүргізілді.
22 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген премьер-министр Леонид Кучма басқарған Украинаның делегациясын қабылдады.
26 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Федерациясына ресми сапар шекті. Сапар барысында саяси, экономикалық және әскери мәселелер бойынша Ресей Президенті Б. Ельцинмен, Ресей үкіметі басшысы В. Черномырдинмен келіссөздер жүргізді.
9-10 сәуір. Алматыға ресми сапармен Түрік Республикасының Президенті Тұрғыт Өзал келді.
14 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Венгрия Республикасында, Бельгия корольдігінде, Египет Араб Республикасында Қазақстан Республикасының елшіліктерін ашу туралы Жарлықтарға қол қойды.
26-27 сәуір. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға ресми сапармен келген Австрия Республикасының Федералды канцлері Франц Враницкиді қабылдады.
18-20 мамыр. Президент Н.Ә. Назарбаев Түрікменстанға ресми сапар шекті. Н.Ә. Назарбаев және С. Ниязов өзара тиімді негізде жаңа экономикалық қатынастар құру ниеттерін білдірді. Ел басшылары Каспий теңізінің экологиясы мен биоресурстарын сақтау мақсатында Каспиймен шекаралас елдермен ыңтамақтастықты жандандыру ұсыныстарын атап өтті.
25 мамыр. Алматыға ресми сапармен Үндістан Республикасының премьер-министрі Нарасимха Рао келді.
26 мамыр. Ел басшысы Өзбекстанға сапар шекті. Н.Ә. Назарбаев және И. Кәрімов арасында экономика мен мәдени салаларда ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
1 маусым. Ел басшысы Алматыға