Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының хронологиясы (1991-2014). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн книгу.қазан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Моңғолияға ресми сапары болды. Келіссөз барысында Н.Ә. Назарбаев моңғолдық әріптесі Пунсалмаагийн Очирбатамен кездесті.
24 қазан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Уоррен Кристоферді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынас және бірқатар халықаралық мәселерге тоқталды.
13 желтоқсан. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылды.
1994 жыл
10-12 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Өзбекстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшысы шекаралардың беріктігін, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдайтынын атап өтті. Мемлекет басшылары тауарлар мен қызметтердің, капиталдардың, жұмысшы күшінің еркін қозғалуы мен несие-есептік, бюджеттік, салықтық, құнды, кедендік және валюталық саясатын қамтамасыз ететін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.
13-14 қаңтар. Пәкістан Сыртқы істер министрі Сардар Асиф Алидің Алматыға ресми сапары болды. Сыртқы істер министрлері арасында, халықаралық және аймақтық және екіжақты қатынастар мәселелері деңгейіндегі тұрақты келіссөздерді қарастыратын екі ел СІМ арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.
16 қаңтар. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қырғыз Республикасы қосылды.
19 қаңтар. Н.Ә. Назарбаевтың «Бельгия корольдігіндегі ҚР елшілігіне ЕО жанында Қазақстан Республикасының өкілділігі қызметін жүктеу туралы» Жарғысы.
20 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Сапар барысында Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Мемлекет басшылары «Қазіргі заманғы әлем: қарсылықтар және қауіптер» атты декларация қабылдады.
25 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Алматыға қысқа мерзімді сапармен келген Тәжікстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы Э. Рахмоновпен кездесті.
28 қаңтар-1 ақпан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Давос қаласында өткен (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысты.
28 қаңтар-2 ақпан. Жапония Эскимбанкі делегациясының Қазақстанға сапары. Қазақстандық басым жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.
30 қаңтар-1 ақпан. Алматы қаласына Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрі Нгуен Мань Каманың сапары. Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, екі ел сыртқы саяси мекемелері арасындағы консультациялар туралы хаттамға қол қойылды.
14 ақпан. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) кірді.
14 ақпан. Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.
13-18 ақпан. Қазақстан Республикасы