Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Читать онлайн книгу.құрастыру, ең алдымен, компанияның бизнес философиясын: көрінісін, миссиясын, мақсаттарын айқындап алудан басталады. 4-суретте стратегия құрастырудың құрамдас бөліктері мен кезеңдері көрсетілген.
Біріншіден, ұйымды тұрақты даму жолына түсіру, мақсаттарды анықтау, стратегияны құрастыру, стратегияны жүзеге асыру және ұйым қызметін бағалау стратегиялық менеджменттің негізі болғанымен, шын мәнінде осы міндеттер жеке жүзеге асырылмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Мысалы, қандай іс-әрекет жасау керектігі туралы болжам стратегияны сәтті жүзеге асыруға бола ма деген мәселені қозғайды.
4-сурет. Стратегия жасаудың жалпы сызбасы
Ұйымның миссиясы туралы мәселелер мақсаттарды анықтаумен тығыз байланысты. Батыл, бірақ шынайы мақсаттарды қою кезінде, менеджерлер ағымдағы қызметтің көрсеткіштерін, сонымен қатар, ұйымның рентабельділігін көтеретін стратегиялық таңдаулардың барын есепке алуы қажет. Стратегия туралы шешім қабылдау ұзақ уақыттық даму жолдарымен және мақсаттарды төмендету, көтеру деңгейіне байланысты қиындатылуы мүмкін.
Мақсат – бұл нәтиже мен жеңіс, ал стратегия сол мақсатқа жетудің ең тиімді жолы. Ол – менеджердің стратегиялық, сондайақ қаржылық міндеттерді өзара байланыстыра отырып орындау үшін қолданылатын құралы.
Екіншіден, стратегиялық менеджменттің міндеттері өз бетінше жеке іске асырылмайды. Олар менеджерлердің күнделікті жұмыстарымен қатар жүреді – күнделікті операцияларды бақылау, дағдарыс жағдайынан шығу, жиналыстарға бару, сонымен қатар қосымша міндеттерді атқару және қоғамдық жұмыстармен айналысу. Сондықтан, стратегиялық басқару бойынша міндеттер менеджменттің басты функцияларының бірі болса да, барлық менеджер ол үшін жауапкершілік алмайды.
Үшіншіден, стратегияны құрастыру және оны жүзеге асыру – еңбекті көп қажет ететін үдеріс, ол әртүрлі шығындарды талап етеді. Ұйымдағы қызметтер әрдайым белгіленген тұрақты жолмен дамымайды. Стратегияны қайта ойластыруға итермелейтін жағдайлар жылдам, бірте-бірте немесе өте шапшаң реттілікте пайда болуы мүмкін. Оны өзгертуге алып келген жағдайлардың себебі кейде оңай анықталмайды. Сондықтан, менеджерлерге туындаған жағдайға байланысты стратегия мен шешім қабылдау мәселелерін қарастыру үшін уақыт керек. Шын мәнінде, менеджерлер стратегияны қай уақытта өзгерту керек және ол үшін не істеу қажеттілігін шеше алатындай жеткілікті деңгейде білікті болады.
Төртіншіден, стратегиялық менеджментке көп көңіл бөлу – стратегияны және оны жүзеге асыру жолдарын жетілдіру, сапасы мен тиімділігін арттыруда әрбір қызметкердің үлесін максимизациялау қажеттілігінен мәжбүрленген. Әдетте менеджерлер ұйым жұмысына үлкен өзгерістер әкеліп, оны енгізгеннен гөрі, ағымдағы стратегияны жақсарту үшін көп күш жұмсайды. Стратегиядағы өзгерістер қызметкерлерге жағымсыз әсер етіп, тұтынушыларды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Ағымдағы стратегияны жетілдіре отырып, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. 5-суретте ұйымның