Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова

Читать онлайн книгу.

Стратегиялық менеджмент - Сауле Купешова


Скачать книгу
өндіріс, сату, тұтынушыларға қызмет көрсету, есептілік) функционалды менеджерлерден ерекшеленеді және ұйымды стратегиялық мағынада басқара отырып, маңызды орын алады.

      Білікті басқару менеджерлерден стратегиялық ойлау мен стратегияны құрастыра алу қабілетін талап етеді. Бүгінгі менеджерлерге ұйымның жағдайы және болып жатқан өзгерістердің әсері туралы стратегиялық тұрғыда ойлануға тура келеді. Олар стратегияға өзгерістерді қай уақытта енгізу керектігін білу үшін сыртқы ортаны мұқият талдауға мәжбүр және ұйымның қызметімен жіті таныс болуы шарт. Басқаша айтқанда, стратегиялық басқару бүкіл ұйымды басқарудың негізі болып табылады.

      Стратегиялық басқарудың және саналы стратегиялық басқарудың артықшылығы:

      • ұйымның стратегияның негізгі аспектісіне бағытталуын қамтамасыз етеді: «біз не істеуге тырысамыз және қандай нәтижеге жетеміз?»;

      • менеджерлердің өзгерістерге, жаңа мүмкіндіктерге және қауіпті үдерістерге ширақ әсер етуін талап етеді;

      • капитал салымдарының балама түрлерін және персоналдың кеңеюін бағалау мүмкіндігі, яғни ресурстарды саналы түрде стратегиялық негізделген және тиімді жобаларға ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      • барлық басшылардың стратегиямен байланысты шешімдерін біріктіру мүмкіндігін береді;

      • жағдайдың өзгеруіне баяу жауап қайтаруға алып келетін, кері әсер ететін үрдіске және белсенді басшылыққа қолайлы орта қалыптастырады.

      Бесіншіден, сыртқы орта факторларына жай жауап қайтаруды емес, белсенді әрекет етуді қолдайды. Жаңашыл стратегиялар ұзақ мерзімді даму кезінде ұйым қызметінің нәтижелерін жақсартуға алып келуі мүмкін. Тарихқа үңілсек, бизнесте жоғары табыстылық пен жетістікке жеткендер тек өзгерістерге ғана жауап қайтарып, қауіптерден сақтанған ұйымдар емес, салада тұрақты дамуға бет алған, бәсекелестік позициясын үздіксіз жоғарылатып, табыстылықтың басты факторларын дамытып отырған көшбасшы ұйымдар. Әдетте, табысты компаниялар тұрақты бәсекелестік артықшылыққа ие болу үшін тиімді стратегиялық шешімдер қабылдап, нарықтық үлесін кеңейтіп, үлкен қаржылық нәтижелерге талпынады. Шығармашылық нышаны бар, бірегей стратегияларды жігерлі орындау ұйымды жетекші орындарға шығаруы мүмкін.

      Ұйым стратегиясын құрастыру және жүзеге асыру барысында менеджер оның ішкі және сыртқы орта жағдайына бейімделе отырып, көзделген нәтижелерге қалай қол жеткізуге болады деген мәселемен бетпе-бет келеді.

      Тиімді стратегия құрастыру ұйымның ішкі және сыртқы ортасы факторларын терең талдауды қажет етеді. Олар көптеген факторларға көңіл бөлулері тиіс. Стратегияны қалыптастыру барысында қарастырылатын факторларды 2 топқа жіктеуге болады:

      1. Сыртқы:

      • экономика жағдайы;

      • әлеуметтік және саяси үдерістер, мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау мүдделері, бірдей еңбекке бірдей ақы төленуі, табиғи орта мен ресурстар, инфрақұрылым;

      • саланың тартымдылығы және бәсекелестік деңгейі, нарық өсімі, технологиялық


Скачать книгу