Стратегиялық менеджмент. Сауле Купешова
Читать онлайн книгу.қарастырып, жетілдіруге септігін тигізеді. Сондықтан стратегияны құрастырушы топ-менеджмент өз саласындағы бәсекелестік күрестің бағытын анықтап, онымен күресудің жаңа әдістері мен тәсілдерін үнемі үйреніп отырады.
Ерекше нарықтық мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер
Компания мүмкіндіктері мен сыртқы қауіп-қатерлер стратегияға әсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Ұйым даму стратегиясын тұрақты бәсекелік мүмкіндіктерді көбейтіп, компания табыстылығымен барынша тығыз байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыратындай етіп құру керек.
Стратегия компанияны қазіргі және болашақ сыртқы орта қауіптерінен қорғауға бағытталуы қажет. Нарықтық мүмкіндіктер қатарына компанияның дер кезінде өз тұтынушыларын қамтуы, бәсекелестерден бұрын инновациялық өнімдерді игеруі, жеткізушілермен тиімді шарттарға отыруын енгізуге болады.
Ал қауіп-қатерлерге нарыққа ірі және атақты брендтердің енуін, саладағы әлсіз компанияны басқа бір қаржылық мүмкіндігі жоғары компанияның сатып алып, дамытуы немесе тауар алмастырушы өнімдердің пайда болуын жатқызамыз.
Ұйымның басым және әлсіз жақтары, оның бәсекелестік мүмкіндіктері
Тәжірибе көрсеткендей, менеджерлер стратегияны құрастыру барысында компания нені ерекше жақсы жасай алады, бәсекелестерге қарағанда қандай артықшылығы бар немесе қандай құндылықтарға ие екенін анық түсінуі керек. Компания бейтаныс немесе мүлдем айналыспаған қызметтерден, тәуекелі жоғары, ақпараты дүдәмал жобаларды игеруден қашық болғаны абзал. Басқа сөзбен айтқанда, стратегия компанияның мықты жақтарын дамытып, әлсіз тұстарын жоюға, сондай-ақ бәсекелестік мүмкіндіктерін жетілдіруге жауапты болуы қажет.
Әрине, компания тиісті тәжірибе мен ресурстарсыз мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, бәсекеге қабілеттілігін іске асыруға талпыныс жасауы тиімсіз. Ұйымның мықты жақтары оларды іске асыру ықтималдылығын арттыра отырып, кейбір мүмкіндіктерді және стратегияны барынша қолайлы етіп жасайды. Ал әлсіз тұстары тәуекелге баруға итермелеп, кей жағдайда стратегияның сәтсіз құрылуына әкеледі.
Жеке амбициялар, бизнес философиясы және менеджерлердің этикалық көзқарастары
Жеке амбициялар, бизнес философиясы және менеджерлердің этикалық көзқарастары көп жағдайда өздері құрастыратын даму стратегияларымен тығыз байланыста болады.
Көптеген компаниялардың тәжірибесі көрсеткендей, жоғары басшылар мен менеджерлер құндылықтары, амбициялары, олардың бизнес философиясы, тәуекелге қарым-қатынасы және этикалық көзқарастары компания стратегиясына қатты ықпал етеді екен. Ұйым басшысының қызметкерлерге қойған талабы мен шарттары оның тұлғалық қасиеттерімен байланысты.
Кармин Гало «Инновационные секреты Стива Джобса» атты кітабында Джобстың негізгі принциптерін көрсетіп кетті:
1. Қалаған ісіңмен айналыс
Стив Джобс бизнесте жүрек қалауын тыңдау өте маңызды деп есептеді. Өз ісіңді сүймесең, нағыз инновациялар жасау мүмкін емес.
2. Барлық