Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова

Читать онлайн книгу.

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері - Қарлығаш Мұхтарова


Скачать книгу
іс сапар кезінде, маңызды кездесу алдында өз жейдесіне кофе төгіп алған жағдайын қарастырайық. Ол, дайын киім үлгілерін сататын ең жақын дүкенге барып, өзіне сай келген бірінші жейдешені сатып алады. Қалада сатылатын барлық жейдешелерді тңдауға оның уақыты да, мүмкіндігі де болмағандықтан, ол, өзінің мәселесін шешуге мүмкіндік беретін бірінші үлгімен қанағаттанады. Дәл осылай, менеджерлер де кешенді мәселелердің шешімін қанағаттанарлық нәтиже беретін вариантты таппағанша іздейді.

      Мысалы, бірнеше жыл бұрын, сол кездегі СЕО Уильям Смитсбург өз Quacker компаниясын басқалармен жұтып алудан сақтап қалуға тырысты, бірақ оның мүмкін әрекеттері үшін варианттары аз болды. Сонда ол Аррlе компаниясын сатып алу туралы жылдам шешіммен қанағаттанып, сатып алудан кейінгі Quacker компаниясы қарызына байланысты ешкімді қызықтырмайды деп ойлады. Аррlе компаниясын сатып алу пайда болған мәселені шешуге мүмкіндік берді, сондықтан Смитсбург басқа вариантарды іздестірмеді.

      Әкімшілдік үлгі классикалық үлгіден өзгеше болжамдарға негізделіп, жеке шешімдерге әсерін тигізетін ұйымдастырушылық факторларға көзделген. Классикалық үлгімен салыстырғанда ол бағдарламаланбайтын күрделі шешімдерді қабылдауға арналған. Әкімшілдік үлгіде:

      1. Шешімдердің мақсаттары көп жағдайда анық емес, қайшылықты туғызатын және менеджерлер арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Кейде менеджерлер өздері ұйымдағы мәселелер мен тиімді мүмкіндіктер туралы бейхабар.

      2. Орындылықты процедуралар жиі қолданбайды, ал қолданған кезде, ол нақты жағдайлардың кешенділігін көрсетпей, тек мәселеге үстіртін қараумен шектеледі.

      3. Адамдық, ақпараттық және материалды ресурстардың шектеулігіне байланысты менеджерлер баламаларды іздеуді толық жүргізбейді.

      4. Көптеген менеджерлер ең тиімді емес, қабылдарлық шешіммен шектеледі. Бұл ақпараттың аз болғанына да, ең тиімді шешімді анықтаудың нақты критерийлерінің болмауына да байланысты.

      Саяси үлгі. Үшінші үлгі бағдарламалануға жатпайтын шешімдерді сенімсіздік, шектеулі ақпарат және мнеджерлердің қандай мақсатты қою, құлықтың қандай жолын таңдау туралы ортақ пікірлерінің болмауы жағдайында пайдалы. Көптеген ұйымдарда шешімдерді қабылдауда менеджерлердің көп саны қатысады, олардың әр қайсысы әр түрлі нәтижеге ұмтылады, сондықтан олар консенсусқа жету немесе ақпарат алысу үшін бір бірімен араласу керек. Күрделі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау мақсатында менеджерлер жиі коалиция құрады. Коалиция (осы жағдайда) дегеніміз – белгілі бір мақсатты ұстанатын менеджерлердің ресми одағы. Коалицияларды құру – менеджерлердің альянстарын құру процесі.

      Басқарушылық шешімнің нақты бір вариантын ұсынатын менеджер (мысалы, басқа компанияны сатып алу арқылы корпорацияның өсуін жеделдету) басқа басқарушылармен «ресми емес» кездесулерді ұйымдастырып, оларды өзімен бірге «ортақ майданда» болуларына көндіруге күш салады. Нәтижелері белгісіз болан


Скачать книгу