Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері. Қарлығаш Мұхтарова
Читать онлайн книгу.контентін тегін қылуға қарсы болған оппозиция мықты болды, бірақ Миллер басқа менеджерлермен сөйлесіп, интернет қызметтерді көрсетумен байланысты бизнестің өзгеруі жағдайында дағдарыста болған АОL компаниясын жасартудың тиімді жолын қолдайтын коалиция құрды. Шешім тиімді болғаны соншалық, АОL қайтадан Интернеттегі ірі күшке айналып, Google және Microsoft сияқты алыптардың қызығушылығын тудырды.
Коалиция құра алмайтын лидерлер, өз шешімдерін іске асыруда көптеген қиындықтарға кез болады. Мысалы, Хершин Эзрин дағдарыста болған компанияға өзгерітер енгізу туралы жоспарын қолдайтын менеджер коалициясын құра алмағандықтан, Speedy Muffler King компаниясының СЕО постынан бас тартты. Көптеген менеджерлер Эзринді тағайындауды мойындамай, оның шешімдеріне қарсылықтарын білдірді. Дәл осылай, 2001 жылы АҚШ-ның бұрынғы қаржы министрі Лоуренс Саммерс Гарвард университетінің ректоры орнына отырғанда, бұл оқу орнын модернизациялау туралы үлкен жоспарлармен келген. Бірақ, бұл жоспарларды қолдайтын коалиция құра алмағандықтан, бес жылдан кейін, кампустарда толқулар басталып, Саммерс орнынан босатылды.
Классикалық, әкімшілдік және саяси үлгілердің негізгі параметрлері 1-кестеде көрсетілген.
Шешімдерді қабылдау процедураларын зерттеу нәтижесінде, орындылықты классикалық процедуралар тұрақты жағдайда ұйымның жоғары тиімділікті қызметімен байланыстыратыны анықталды. Ал шешімдерді қабылдаудың әкімшілдік және саяси процедураларын және түйсікті шешімдер жоғары белгісіздік жағдайында және жылдам қабылдану қажет болатын турбулентті ортадағы ұйымның тиімді қызметімен байланыстырады.
1-кесте
Шешімдерді қабылдаудың классикалық, әкімшілдік және саяси үлгілерінің сипаттамасы
Тапсырма. Жаңа менеджер ретінде шешім қабылдауға дұрыс жол таңдаңыз. Мәселелер анық белгіленген, мақсаттар келісілген болғанда немесе сіз толық ақпаратты алған жағдайда классикалық үлгіні қолданыңыз. Бұл үлгіде әр варианттың қолдануындағы мүмкін нәтижені есептеп шығару үшін компьютерлік бағдарламаларды қоса, сараптамалық процедураларды пайдаланыңыз. Мақсаттар анық емес және қайшылықты, шешімді қабылдау уақыты шектеулі, ал ақпарат анық емес болған жағдайда шешім қабылдау барысында өз түйсігіңізді, шектеулі ұтымдылық және қабылдарлық концепциясын қолданыңыз.
Әкімшілдік үлгі суреттеу, баяндау сипатында болады, өйткені ол күрделі жағдайларда басқарушылық шешімдерді қабылдаудың теоретикалық идеал тұрғысынан қалай іске асыруды бұйырмай, нақты процесін суреттейді. Бұл үлгіде қабылданатын шешімдердің орындылық деңгейіне әсерін тигізетін адамдық және басқа шектеуліктер ескеріледі.
Ішкі түйсік. Шешімдерді қабылдаудың әкімшілдік үлгісінің тағы бір қыры – ішкі түйсік болып табылады. Ішкі түйсік дегеніміз индивидтің логикалық ойлауға жүгінбей, орын алған жағдайдың ерекшелігін тез түсініп, өткен тәжірибесіне негізделіп, шешім қабылдау қабілеті. Түйсікке